Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


баяндауға  жүгіріп кетті. (Л. К.)  2)  Жиналып  жұртым алдыма,  тыңдауға



Pdf көрінісі
бет315/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

баяндауға 
жүгіріп кетті. (Л. К.) 
2) 
Жиналып 
жұртым алдыма, 
тыңдауға 
мені келіп түр. (Ж- Ж-) 
3) 
Өзіміз де 
тыныстауға 
мейманханамызға беттедік. (С. М.)
4.
Зат есім сөздері 
-қалы, -келі, -ғалы, -гелі 
жұрнақтары арқылы жасалған 
көсемшелерге тіркесе айтылып мақсат пысықтауыш жасалады. 
1) 
Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз 
айтқалы 
Қарқаралыға кетіп 
барады. (М. Ә.) 
2) 
Сізге сәлем 
бергелі 
бұрыл дым. (С. М.) 
167-жаттығу.
 
Сөйлемдерді көшіріп жазып, мақсат пысықтауыштардың астын сызыңдар. 
Олардың қай сөз табынан жасалып тұрғандығын айтыңдар. 
1)Дәмін қарау үшін командирге апаруға болады. 2) Мен бөтен теңіздегі 
белгісіз балықтарды өз байлығымызбен тамақтандыруға жалданғаным жоқ. 3) 
Тесікті бітеу үшін ауыр брезентті кеменің нағыз түбіне тастай бастады. 4) 
Бейбітшілік үшін, Отан үшін олар әзір тұрады. 5) Біздің адамдарға түсінікті 
болу үшін тілмаш мұның бәрін дәл қалпында айтып берді.
 
§123. Сын-қимыл ( амал) пысықтауыш
 
Етістік баяндауышпен немесе етістіктен болған өзге мүшелер-мен
байланысты болып, етістіктегі қыймылдың қалайша өткенін не өтіп 
жатқанын, сындық-қимылдың сапасын және мөлшерін білдіретін 
пысықтауышты с ы н – қ и м ы л ( а м а л ) п ы с ы қ т а -у ы ш дейді.
Сын-қимыл амал пысықтауыштар қ а л а й ? қ а л а й ш а ? қ а й т і п ? н е 
қ ы п ? н е е т і п ? к і м а р қ ы л ы ? н е а р қ ы л ы ? қ а н ш а
р е т ? н е ш е р е т ? деген сұрақтардың біріне жауап береді. 
Сын-қимыл пысықтауыштар мына сияқты сөз таптарынан жасалады . 
1. Көсемше, көбіне, сын-қимыл (амал) пысықтауыш болады. 
1) Михаилдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет