басшылары, аудан әкімшілігінің жауапты қызметкерлері , ауыл әкімдері, оқытушылар, ата-аналар қатысты. 2)
Республикамыздағы шаруа қожалықтарының жұмысының жайына тоқталар болсақ, елімізге астықты, мақтаны, қант қызылшасын, етті, сүтті, жүнді қолда бар мүмкіншіліктен әлі де анағұрлым аз беріп отырғанын айтуға тиіспін. 3)
Министрліктердің, ведомостволардың, облыстық партия және шаруашылық орындарының алға қойылған міндеттерді орындаудағы ролі мен жауапкершілігін күшейту керек. («Ж.А») Бірінші сөйлемде 5 бірыңғай бастауыш бар, олардың бірқатары тәуелдік
жалғауының III жағында, бірқатары тәуелдік жалғаусыз айтылып, атау септік
жалғауы тұлғасында қолданылған. Екінші сөйлемде 6 бірыңғай тура толықта-
уыш бар, олардың бәрі де табыс септік жалғауы тұлғасында айтылып тұр. Ал
үшінші сөйлемдегі 3 бірыңғай анықтауыштың барлығы да ілік септік жалғау
тұлғасында қолданылған.
Сөйлемде белгілі морфологиялық тұлғада айтылған бірнеше бірыңғай
мүшелер қатар қолданылғанда, ол бірыңғай мүшелердің алдыңғыларында
болуға тиісті қосымшалар үнемі жалғанып отырмайды. Кейде сөйлемге
стильдік жеңілдік туғызу үшін бірыңғай мүшелердің алдыңғыларының
жалғаулары түсіріліп те айтылады.
Бірыңғай мүшелердің алдыңғыларындағы, болуға тиісті косымшаның
түсіріліп айтылуы мына сияқы екі түрлі жағдайда қолданылады:
1. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер жұпталып айтылып, әр-бір жұпқа енетін
екі бірыңғай мүшенің аралары
мен, бен , пен ыңғайластық жалғаулықтары
арқылы байланысатын болса, алдыңғысының жалғауы түсіріліп айтылады.
Мысалы:
Абай мен Ұлжан сескенді де, Зеренің қасын күзетті ( М. Ә. ).
Бұл
жұпталып айтылған бірыңғай мүшенің морфологиялық тұлғалық белгісі
екінші сыңарында қолданылып тұрғандықтан, бірінші сыңарында жалғаудың
түсіріліп айтылуынан сөздердің синтаксистік байланысына және жалпы
мағынасына ешқандай кемшілік келіп тұрған жоқ. Қайта, сөйлемнің құрылысы
ықшамдалып, стильдік жеңілдік келтіріп тұр.
2. Кейде жалғаулықсыз белгілі интонация арқылы саналып айтылған бірыңғай
мүшелердің де алдыңғыларының қосымшалары түсіріліп айтылады. Мысалы:
Барлық ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алып, елімізді қажетті мөлшерде