297
төсектің үстінде, бала уатқан Зере бар (М.Ә.). Кенет күркенің іші суып
кеткендей болды. Топ ортасына енгенде, Ақан сытылып шетке шықты (З.Ш.).
Жұрттың бәрі қос маңына шоғырлана қалған екен. Сенің ешқандай басы
байлы адамың жоқ, адамдардың бәрі де атаманның қол астында.
Мезгіл
қыстың басы емес, көктем таяп келеді (Ә.С.). Мүкарама бұрыштағы үлкен
айнаның алдына барып, шашын түзеп жатыр (Х.Е.). Баланы артына міңгестірді
де, қойды алдына салып, ауылға айдап келді (З.Ш.).
172-жаттығу.
Мына сөйлемдердің ішіндегі сөйлем мүшелерін сөйлемнің жалпы
мағынасын және сөйлем мүшелерінің дағдылы
орын тәртібін бұзбастай етіп, орын
алмастырып қайта құрыңдар. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Үлгі:
Салтанат оқып отырған кітабын столға қойды. Оқып отырған
кітабын Салтанат столға қойды. Оқып отырған кітабын столға Салтанат
қойды. Столға Салтанат оқып отырған кітабын қойды.
1) Салтанат оқып отырған кітабын столға қойды. 2) Терезе түбінен әтеш
шақырды. 3) Ол терезеден көзін тайдырып әкетті. 4)
Машина шамын жағып
көпірге түсті. 5) Салтанат оның не айтқанын естімеді. 6) Салтанат көпір
аузында бөгелместен үйіне келді. 7) Бегәлі қазір кеңседен қайтып келеді. 8)
Лаборант қыз оған даралап жауап қайырмады.
(Р. Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: