қамтамасыз етуге тиіс... Бұл — бірнеше жайылма бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер, мүнда
қамтамасыз етуге тиіс деген етістік күрделі баяндауышқа меңгерілгеи төрт
бірыңғай тура толықтауыш бар. Бұл бірыңғай мүшелердің әркайсысының да
өзіне қатысты бірнеше сөздері бар. Сондықтан мұндай бірыңғай мүшелер
жайылма бірыңғай мүшелер деп аталады.
173-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелердің астын сызыңдар да, үстіне
сұрауын жазыңдар. Олардың сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғандығын
айтыңдар, түрлерін атаңдар.
1)
Сәуле мен Перизат келе Нұрлан мен Павелді сұрастырды. 2)
Ерлікті сүю, еңбекті сүю, сүйгеніне жету, жете алмаса сол жолда құрбан болу
еліміздің ежелгі дәстүрі емес пе еді?
(Ә. Ә.) 3) Жасы өзгелерден кішірек, аласа
бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс өзгенің бәрінеп бұрын Базаралымен жақсы
амандасты. 4) Сол Мыңжасар осы жүрген көп қазағыңнан әрі ақылды, әрі
намыскер және қайсар да өжет!
(М. Ә.) 5. Осыны біліп ол өзіне де, өзгелерге
де қатал болды.
(Т. А.) 6) Арманы — шөлге, желге мойымайтын, әрі жеміс
беретін ағаш өсіру.
(Ғ. Сл.) 7. Бұларың да не ерлікке, не әділдікке жараспайды.
8. Келесі күні арқа жотасының әлденеше жерінен сыр іздеген зерттеушілер
Қаранай, Шақпақ, Көксеңгір, Мейзен, Сегізауыз, Көкшетаулатып кезіп
қайтатын жүрістеріне аттанды.
(С. Бег.) §
128. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері 1. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз келіп, дауыс ырғағы арқылы
байланысып тұрса, бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
1)
Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, Шұбар —
үшеуі өзгелерден озыңқырап оңаша әңгімелесіп келеді. (М. Ә.) 2)