жаңадан салынған екі биік үй мектеп пен аурухана болатын деген сөйлемде
үй сөзін анықтап тұрған үш
анықтауыш бар. Олардың әрқайсысы өз бетімен
үй деген анықталушы сөзбен
байланысып тұр. Бірақ олар бірыңғай анықтауыштар емес, өйткені бір сөзбен
байланыса тұрса да, үйдің біртектес белгілерін санап көрсетпей әрі сапалы, әрі
текті белгілерін сипаттап тұр.
Биік деген сөз оның кәлемдік белгісін көрсетсе,
екі деген сөз сандық белгісін,
жаңадан салынған деген сөздердің тіркесі
салыну мерзімі жағынан сипаттайды. Сондықтан бұл сияқты бір сөзбен
байланысты бола тұрса да, оның біртектес белгілерін санап көрсетпей, әр
түрлі, әр сапалы белгілерін көрсетіп түратын анықтауыштарды әр
текті
анықтауыштар деп атайды.
Бірығай пысықтауыштарға мысал:
1)
Жақыптыңжүзіне қарамай, қырындау отырып, барлық сөзді қиястана тыңдап отыр. (М. Ә.) 2)
Не жоғары не төмен қарай алмай Жәмила бетін басты. (Ғ. М.) Бірыңғай мүшелер үнемі бір сөзден ғана тұрған жалаң мүше болмай не бір
сұраққа жауап беретін күрделі мүше болмай, өзіне қатысты өзге мүшелері де
бар жайылма бірыңғай мүше түрінде де қолданылады. Мысалы:
Өрістете
жүргізілген құрылыс материалдық игіліктердің молшылығын жасаумен қатар рухани мәдениеттің нағыз байлығын, халыңтың ңажеттерін бірден-бірге толық қанағаттандыру ісін, демократия принциптерін одан әрі дамыту жаңа қогамның саналы еңбекшілерін тәрбиелеуді