323
Шынында, бұл сөйлемдердің бәрі де үйірлі мүшелі жай сөйлемдер.
Мұндағы негізгі ой ...
қызық кітап бүгін маған тиді, ... үйдің иесі біздің
біреуімізге таныс болып шықты, ... полк көптен бері қажырлы карсылық
көрсететін жау кездестірген жоқ еді,
...
Жақия жез леген алып жүріп
жұртқа жағалай су құйып тұр
деген жай сөйлемдер арқылы беріліп тұр.
Бұл сөйлемдер құрмалас сөйлем бола алмайды. Өйткені олардың қарайтылып
берілген бөлімінің тұлғалық көрініс жағынан грамматикалық
бастауышы мен
баяндауышы бола тұрса да, сөйлем боларлық
мағыналық ой дербестігі жоқ,
интонациялық жағынан сөйлемдік ерекшелігі жоқ.
Сейтіп,
белгілі құбылыс, оқиға, әрекеттердің ара қатынастарын
білдіру үшін өзара тиісті грамматикалық тәсілдермен байланысып, бір
күрделі ойды білдіретін бірнеше жай сөйлемдердің тіркесінен құралған
сөйлемді қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді.
Мысалы: 1)
Төменгілер сөзімді тыңдамаса, жоғарғы бастықтың өзіне
айтам. (К. Т.)
2)
Ащылы шөптің тұқымы да күшті, мал тез семіреді және
ащыға семірген малдың еті де, сүті де тұщыға семірген малдан күшті
болады. (С. М.)
3)
Жомарт бітірген шаруасын қысқаша айтты да, үшеуінің
бас қосып шыға қалуын сұрастырды. (Ғ. М.)
Достарыңызбен бөлісу: