Қарсылықты салалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің
өзара
қарама-қарсылық қатынастары, салаластың өзге түрімен салыстырған-
да, айқынырақ көрінеді. Өйткені мұндай қарсылық мәнді жалғаулытың
айтылмағандығы айқын сезіліп тұрады.
Мысалы: 1)
Маңайға құлақ түремін,
басқа дыбыс естілмейді. (С. М.)
2)
Қабышты екеуі біраз созғыламақ еді,Шығанақ оған ырық келтірмеді. (Ғ.
М.)
3. Түсіндірмелі (іліктес) салалас. Жалғаулықсыз, бір дауыс
құйылысымен айтылып, интонация арқылы байланысқан екі не үш
сөйлемнің біріншісіндегі айтылған ойды кейінгі сөйлемдер дәлдеп, соның
түсінігі ретінде айтылса, ондай салаластың түрін (түсіндірмелі) і л і к
т е с с а л а л а с с ө й л е м дейді.
Мысалы: 1)
Шынын айтқанда, оны екі нәрсе қинады: бірі
—
әкесі,
екіншісі
—
отряд жиыны. (М. И.)
2)
Абақтының терезесінен Алатаудың ақ
бас шыңы сәукелеге ұқсайды: кеуде жағы қусырылып ұштала біткен. (3. Ш.)
3)
Оған өз тәжірибесі дәлел: сабаққа нашар еді, қазір әжептәуір түзеліп
қалды. (3. Қ.)
Бұл сөйлемдердің үшеуі де жалғаулықсыз іліктес салалас құрмалас
сөйлем. Бірінші және үшінші сөйлемдердің әрқайсысы үш
жай сөйлемнен
келіп, бірінші сөйлемдегі айтылған ойды екінші, үшінші жай сөлемдердегі ой
саралап түсіндіріп тұр. Екінші кұрмалас сөйлем екі жай сөйлемнен тұр да,
бірінші сөйлемнің мағынасын екінші жай сөйлем баяндап тұр.
4.
Достарыңызбен бөлісу: