20
Бірақ істің истихарасыз басталғанынан көрі, истихарамен
басталғаны әлде қайда жақсырақ, әрі дұрысырақ.
Өйткені, ол – біздің Аллаға
қаншалықты берілгенімізді
көрсететін өз алдына бір бөлек құлшылық!
КЕЙБІР ҚАТЕЛІКТЕР
Біреулер истихара намазын да, дұғасын да оқымай оның
орнына басқа бір нәрселерді істейді. Мысалы, Құран
кітапты қолына алып кез келген бетті ашып қалады да,
көзіне ең бірінші түскен
аяттың мағынасына қарай
шешім шығарады. Сол сияқты біреулер тәспінің жібін
үзіп, тастарын бөліп-бөліп қою арқылы жасайды. Бұл
анау гүлдің жапырақтарын «любит», «не любит» деп
жұлып отыратын діннен,
шариғаттан бейхабар жас
балалардың ісіне ұқсайды. Бұл істердің барлығы – баяғы
Мекке мүшіріктерінің жаман ырымға қатысты
жоралғылары сияқты тыйым салынған істерден болып
саналады.
Оның орнына истихара намазын, оған
мүмкіндік болмаса дұғасын оқып Пайғамбарымыз
ﷺ
сүннетін орындаған дұрыс!
Есесіне
«Истихара оқыған – ұтылмайды
Достарыңызбен бөлісу: