21
ИСТИШАРА (АҚЫЛДАСУ, КЕҢЕСУ)
Истихараның серігі – истишара,
яғни ақылдасу, кеңесу.
Қандайда бір маңызды істің қарсаңында білімді, тақуа,
жанашыр адамдармен ақылдасу, кеңесу – Алланың
үйреткені, пайғамбардың көрсеткені және мүмін-
мұсылмандардың көркем мінезі болып табылады.
Себебі Құранда мүмін-мұсылмандарды:
«...істерін өзара
кеңесіп істейді...
25
»,
– деп сипаттайды. Тіпті сол сүрені
«Шура», яғни «кеңесу» деп атаған. Сонымен қатар Алла
Тағала Пайғамбарымызға
ﷺ
да соны бұйырып:
«Ісіңді олармен (сахабалармен) ақылдасып
отыр
26
», – дейді.
Пайғамбарымыз
ﷺ
да сахабаларымен, әйелдерімен
кеңесіп отыратын болған. Оның
ﷺ
мүміндердің анасы
Умму Сәләмамен,
Айша анамызбен ақылдасқаны
жайында сира кітаптарында риуаяттар жетіп жатыр. Ол
өзінің бір хадисінде:
«Истихара оқыған – ұтылмайды,
ақылдасқан – өкінбейді, үнемдеген –
тарықпайды
27
», –
деп ақылдасудың
маңызына тағы да назар аудартады.
Ғалымдардан қалған бір сөз бар:
25
«Шура» сүресі, 38-аят
26
«Әли Имран» сүресі, 159-аят
27
Табарани
22
«Кім ақылдылармен кеңессе,
дегеніне жетеді».
Шын мәнінде, адам кейде ақылдаса келе бел буып,
бекініп отырған ісінің құр
нәпсі қалауы ғана екенін
анықтайды. Сол сияқты, одан да жақсырақ істің,
жолдардың бар екеніне көз жеткізеді. Тіпті өзінің ойына
келмеген нәрсе басқаның ойына келуі мүмкін. Сол үшін
де қазақта «кеңесіп пішкен тон келте болмас» дейді.
Алайда кім көрінгенмен ақылдаса берген де дұрыс бола
қоймайды. Әйгілі
сахаба Әли ибн Әбу Талиб
:
«Алладан қорқатындармен кеңесіңдер», –
деп өсиет қалдырған дейді.
Ертеде Бұхара машайықтары өзі де білетін, басқалардан
да ақыл-кеңес сұрайтындарды «толық адам», ал өзі
білетін, бірақ басқалардан ақыл-кеңес сұрамайтындарды
«жарты адам», ал не өзі білмейтін, не басқалардан ақыл-
кеңес сұрамайтындарды мүлде «адам» деп тамаған
дейді
28
.
Бірақ біреудің берген ақыл-кеңестерін, әсіресе ол өзінің
тәжірибесін сүйеніп
берген болса, оны жүзеге асырмас
бұрын оның жағдайы мен өзіңіздің жағдайыңызды
салыстырып, таразылап алған жақсы болады. Ел
аузында түлкі су
арықтан өтпек болып, тереңдігін
түйеден сұрапты. Түйе тізеден келеді депті. Сөйтіп түлкі
суға батып кетіпті деген әңгіме бар. Сол үшін тізелеріңізді
салыстырып алыңыздар.
28
Әз-Зарнужи. Тағлимул Мутағаллим