Мұсылман математикасында анықталмаған теңдеулердің бүтін түбірлерін табуға
және оның теориялық мәселелеріне де айтарлықтай мән берілген.
Анықталмаған
теңдеулердің бүтін түбірлерін табуға берілген есептер мұсылмандық математикалық
әдебиетте жиі кездеседі.
әл-Ходжанди
«екі санның кубтарының
қосындысы куб сан болып
табылмайтындығы» туралы тұжырымды дәлелдеуді қарастырған. Осы орайда әл-
Ходжандидың
𝑥
3
+ 𝑦
3
= 𝑧
3
теңдігін қанағаттандыратындай
натурал
𝑥, 𝑦, 𝑧
сандарының
болмайтындығы туралы тұжырымы және оны дәлелдеуі ерекше назар аудартады. Шын
мәнісінде әл-Ходжандидың бұл тұжырымы «Ферманың ұлы теоремасының» дербес
жағдайы болып табылады. Сонымен,
қорыта айтқанда, мұсылман елдерінде сандар
теориясы «хисаб ан-назари» деген атаумен математиканың
ерекше саласы деңгейіне
көтерілді деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: