«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


Ә.КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет35/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

Ә.КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ-ТОЛҒАМДАР 
 
Сауяева В.С., 
«Фил-21-1м» оқу тобының магистранты- Қызылорда қ., Қазақстан 
Ғылыми кеңесші: Айтбаева А.Е.,Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 
aiman_aitbaeva @mail.ru-Қызылорда қ., Қазақстан 
Жастайынан өз заманының шындығын сыни мақалалар мен очерктерде бейнелеген 
Әбіш әлемі – философиялық толғамдарға толы. Ол әр кейіпкерінің бейнесін асқан 
шеберлікпен суреттеді. Кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен өмірі арқылы адам бойындағы 
сезімді қара сөз құдіретімен жеткізді. 
Ағылшын әдебиет сыншысы В.Ирвиннің Ә.Кекілбаев туралы былай дейді: 
«Ә.Кекілбаевты түсіну ол көп жағдайда ол жеткізген дәуірдің дәмін түсінуді білдіреді». 
Демек ол - халық жанын түсіне білген, өзі өмір сүрген кезеңдегі халық философиясын 
меңгерген жазушы. 
Атақты қазақ жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов Ә.Кекілбаевқа «Терең 
психологиялық талдаудың адам өмірінің әлеуметтік аспектілерін философиялық түсінумен 
ұштастыруы оның әңгімелерін шынайы етеді» деп жоғары бағасын береді. 
Қаламгер әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен зерттей отырып, ел 
болашағы мен көп ұлтты мемлекеттің әл-ауқатын, тыныс тіршілігін өз шығармаларына 
арқау етті, ел мен жердің мүддесі, халық тағдыры олардың тұрмыс тіршілігін еш уақыт 
назарынан тыс қалдырмады. Оның шығармашылығында айтылған ұлттық болмыс: 
мәдениет пен сөз мәйегі, тіл мен әдебиет, дін мен діл, тұрмыс-cалт пен тарихи дәстүр, елдің 
болашағы басқа да сан алуан құбылыстар автордың дүниетанымдық көзқарасындағы 
ерекшеліктерінің күре тамырын зереледі. Қаламгер туындыларын психологиялық-
философиялық деңгейінде байыптап-бағдарлау халық пәлсапасының тартымдылығы және 
дүниетанымын көрсете келіп, халқымыздың өзіне тән ерекшеліктері арқылы әлем 
дәрежесіндегі мәдени ғаламшарынан орын алды. Неміс кітап баспасы Әбіш Кекілбаевты 
«Жиырмасыншы ғасырдың ең көрнекті жазушысы атты кітапқа енгізді. Жазушы Бексұлтан 
Нұржекеев: «...Оның тұңғиығы терең, ойлы сөздерінен ерте есейген, жастайынан 
көсемдікке, әсемдікке құмартқан, қарттың даналығын бала жастан бойына дарытқан, бай 
қазыналы да қызырлы етіп, тәңірім терезесін теңдей биік етіп жаратқан»,-деп баға берген. 
Жазушы мемлекет ісіне араласа жүріп, қоғамдағы маңызды оқиғаларға үн қосып, саяси 
мәселелерге қалам тартты.
Оның қаламынан «Күй», «Шыңырау», «Ханша Дария хикаясы» повестері мен 
«Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Үркер» романдары, «Абылай хан» драмасы, әсіресе, 
Тәуелсіздік жылдарында жазылған публицистикалық шығармалары қаламгердің ой 
жүйріктігі мен тарихи танымын танытты. Қоғамдық істерінде ел тағдырына, қоғамда болып 
жатқан оқиғаларға бейтарап қарай алмайтын еді», - деп жазады замандастары өз 
естеліктерінде.
Ә.Кекілбаевтың шығармашылығында халық аңыздарына, ежелгі аңыздарға жүгіну 
арқылы уақытты философиялық тұрғыдан түсінуге ұмтылыс болғаны сөзсіз. Жазушының 
тарихи шығармаларының өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяқ кезінде 
жазылуының да өзіндік себебі бар, өйткені осы кезеңнен бастап, кейінгі онжылдықтарда 


110 
тарихи тақырыптың қазақ әдебиетінде үлкен бір толыққан кезеңі болды. Қаламгердің 
тарихи тақырыпта жазылған шығармаларының бір ерекшелігі – жазушы кейіпкерді 
оқиғалар желісінен жалаң алмайды, автор өзіне тән байсалды баяндау арқылы 
психологиялық, философиялық тереңдікті танытады. Тарихи тұлғаларды бейнелеуде 
кейіпкерлерінің моральдық бейнесін жасауға, ел аузындағы аңыз шежірелерден бүгінгі 
күннің көкейкесті мәселелерін көтеруге баса көңіл көлді. Әлеуметтік белсенділігі қажет 
болып тұрған тұста оның тұтас қоғам мен тарихи оқиғаларға, халқымыздың рухани 
мерейіне қатысты көптеген іс шараларды жүзеге асыруға көмектеседі.
Ә.Кекілбаевтың жазушы ретіндегі ең сүйікті тақырыптарының бірі — әділет пен 
сүйіспеншілікке, адамшылық пен қайырымдылыққа қарама-қарсы суреттелген көпшілікті 
өлшеусіз қасірет-қайғыға, алапат ойран-сұмдықтарға бастайтын шегі-шеті жоқ билік пен 
қарақан басының қамын күйттеген сол билік иесінің ештен кеш болса да, райынан қайту 
кезеңі, рухани қайыршылық көріністері оның көпшілікке белгілі «Ханша-дария хикаясы» 
повесінде жан-жақты сипатталады. Бұл повесть Шыңғыс хан туралы көне аңызға 
құрылған: өз кеудесінің желіне өзі семірген Ұлы әмірші таңғұт елін түп-түгел қырып 
тастаса да, осы елдің ханшасы Гүрбелжін сұлудың аппақ тәнінен сусындай алмай, ақыр 
соңында әйел қолынан мертігеді. Автор көне аңызға философиялық мән-мағына қосып, 
өркөкірек адам рухының қайсарлығын дәріптейді: халықтарды қанға бояған айналасына 
қаһар шашқан әміршілердің әлсіздігін жер бетіне зұлымдықтың ұрығын еккен әрбіреудің 
Әлінің қылышынан бәрібір қашып құтыла алмайтынын, ондай қанқұйлы жауыздарды 
аспандағы алла емес, адам қолының өзі жазалайтынын айтады. 
«Аңыздың ақыры» романының оқиғасы да Самарқан шаһарының жолбасшылары 
туристерге күнде айтып беріп жүрген, Темірланның сүйікті тоқалы Бибі ханым салдырған 
атақты ғимараты жөніндегі хикаяға негізделген секілді. 
...Ұлы әмірші алыс жортуылға аттанып кеткен. Ерін сағынған жас әйел қосағы 
қайтып оралғанша, ғажайып күмбезді көк мұнара салғызуды ойлайды. Осы мұнараны 
салушы жас шебер сұлу ханшаға өлердей ғашық болады да, егер тілінен бал татқызбаса, 
мұнараның күмбезі әрі қарай қаланбайтынын шарт етіп қояды. Бұған ашуланған ханша 
қиқар шеберге өзінің ең сымбатты күңін сыйлыққа ұсынады. Бірақ анау қасарысып 
көнбейді. Бұл кезде әмірші де жауын женіп, атының басын кері бұрған екен дейді. Әмірші 
астана жұртына келмес бұрын жас ханша жас шебердің тілегін орындауға ыңғай танытады. 
Әйелі салдырған ғажайып мұнараға әміршісі бек риза болады, бірақ ханшаның бетіне 
түскен ыстық таңбаны көріп, қаһар шашады. Ханша «қылмысын» мойындайды, шебер 
дарға асылады... 
Автор бас кейіпкеріне басы жоқ, аяғы жоқ қара бояуды баттастырып жаға бермейді, 
оның іс-әрекеттерін төтелеп даттай да бермейді, автор адамшылық қасиетті, адамның жеке 
басын аяққа таптайтын зорлық пен зұлымдықтың, билік құмарлықтың шірік философиясын 
әшкерелеуге назар аударады. Қаншалық қаһарлы, қайратты болғанмен, Әміршінің өзі де, 
шынтуайтқа келгенде көрсоқыр, қатыгез догманың кесік құлақ құлы, ол өз ниетіне өзі 
кіріптар болған біреу. Ол өзгелерді қайғы-қасіретке ұшыратумен бірге, өзі де шектеусіз 
биліктің құрбаны болады. 
Әміршінің күйреуі - романнын соңында заңды құбылыстай әсер етеді. Өйткені ол 
өзінің бойындағы барша қайрат-жігерін, ақыл-парасатын, әуре-сарсаңға толы тынымсыз 
өмірін түгелдей өзімшілдік пен өркөкіректікке, өзгеден артық туысын дәлелдеуге 
жұмсайды. Автор осы күйреудің философиялық, әлеуметтік адамшылық негіздерін жан-
жақты, нанымды суреттейді. 
Ә.Кекілбаевтың еңбектерінде тағы бір тән қасиет көрінеді - уақыт пен адамды 
философиялық тұрғыдан түсінуге ұмтылыс: оқырманды бүгіннен өткенге алып тастау 
(ежелгі аңыздарды енгізу) және оны қайтадан қазіргі уақытқа қайтару емес, баяндау 
барысын ұстану, оқуды талдау, өмірді және өзіңізді жақсы түсіну. 
Жазушының сыршыл көркем туындылары әлемге мәшһүр аңыздар мен әміршілердің 
табиғаты мен құдіретті ойларын, сол замандағы тұрмыс-тіршілік пен өмірді суреттеп


111 
көруге, көкірек көздерінен өткізуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан алғанда Әбіш Кекілбаев 
– қазақ әдебиетіне философиялық үдеріс енгізген жазушы. Сонымен қатар, 
шығармаларында психологизм элементтері де мол.[2]. Жазушының сыршыл көркем 
туындылары әлемге мәшһүр аңыздар мен әміршілердің табиғаты мен құдіретті ойларын, 
сол замандағы тұрмыс-тіршілік пен өмірді суреттеп, көруге, көкірек көздерінен өткізуге 
мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан алғанда Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетіне философиялық 
үдеріс енгізген жазушы. [2]. 
Қазақ әдебиетіндегі көркем очерктің лирика-философиялық түріне қалам сілтеген 
жазушыларымыздың бірі - Әбіш Кекілбаев. Оның көркем очерктерінің негізіне қарапайым 
қазақ аулының адамдарының тұрмыс-тіршілігі, өмір шындығы, адамдар арасындағы әр 
алуан қарым-қатынастар, бауырмалдық жарқын қасиеттер, адамгершілік биік парасат, 
өзгеріске толы өмір суреттері арқау болады. 
Әбіш Кекілбайұлының қай көркем очеркіне зер салсақ та байқалатыны, өзіне тән 
философиялық өрнегі мен тарихи өрімі қатар жүреді. «Сайранқұмарлық санаға тұсау» атты 
философиялық ой-толғамдарға толы көркем очеркінде автор Адам концепциясы, рухани 
ізденістердің жемістері, қоғам проблемалары, қоғамдық сана, әдебиет пен мәдениетті 
саясаттандыру, электронды революция мәселелеріне жан-жақты тоқтала отырып, 
сараптама жасайды. Автордың телевизор экранының қаншалықты зиян әкеліп 
отырғандығы туралы ой-пікірлері орынды: «Тұтынушы қоғам идеологтары экран арқылы 
тарайтын «мәдениет» жұрнақтары сол жүйесіз түрінде, үздіксіз қалпында жас жеткіншектің 
әлі қалыптасып болмаған санасына орасан зор информация мен әр алуан көріністерді 
боратқан үстіне боратып, оның көкірегінен ата-аналары, жанашыр ағайын-тумалары, ойда 
жоқта оқып қойған әдеби кітаптары мен мектептегі ұстаздары құлағына құйып баққан 
«мәдениеттің ежелгі» дәстүрлеріне тән моралистік уағыздардың бәрін қуып шықпақтың аса 
күрделі стратегиясын жасақтап шығарды» [3,17 б], - деп ой қорытқан қаламгер телевизор 
экраны, адамзаттың көп ғасырлық әлеуметтік, рухани тәжірибесінің бәрін айырбастай 
алмайтынын, теледидар экрандарындағы жүйесіздік рухани әлсіреуге әкелетінін болжаған 
очеркші рухани кемелдік, биік сананың қалыптасуын тежейтін де осы теледидар екенін 
ашық дәлелдейді. 
Қазақ мәдениетінің тарихы, ұлт тарихы, мемлекет, қоғам тарихы екенін очеркші 
философиялық толғамдарымен түсіндіре отырып, өсімдік, жануарлар дүниесі де 
адамзаттың бір бөлігі екенін, оны адамның ұмытпауын тілеген автор бүкіл планета тағдыры 
мен адамдар тағдыры бірлікте, бір-бірінен бөлуге болмайтынын жан-жақты дәлелдеп, 
жарыспалы дамыған елдер мәдениетін салыстырған тұстарының танымдық қасиеті мол 
шыққан. Әр елдердегі мәдениет, тарих, әдебиет дамуын шымыр да шыншыл кескіндеген 
очеркші жаны рухани таза ұрпақты тәрбиелеудің, адамгершілігі мол азамат өсіру үшін де 
кешегі, бүгінгі рухани мұрамызды дұрыс жеткізгенде ғана ертеңгі күні бүгінгімізден де 
күйзелмейтінімізді аңдатқан. «Айналаң – алтын бесігің» атты лирика-философиялық очеркі 
мынадай лирикалық шегініспен басталады: «Жылдар шіркін құба жонның құланындай 
зымырап өтіп барады. Арман сабаздың көбейе түспесе, азая түсер түрі жоқ. Абай айтқан 
«сағаттың шықылдағы» да бұрынғыдан гөрі жиірек соғып, қаттырақ естілетіндей. «Алдағы 
жолың, арттағы жолыңнан аз болмаса, көп емес», деп үсті-үстіне қайталап тұрғандай» [3,69 
б],- дей келе, өзінің байыз таба алмаған көңілін, алаңдаушылығын білдірген автор бақыттың 
соғыстан кейін де дұшпаны көп болатыны жайлы ой толғайды. Қазақстанның көп 
қалаларының экологиялық жағдайына шын алаңдаушылық білдірген публицист көп дерек, 
фактілерге сүйене отырып, күллі ұлттың бүкіл интеллектуалдық потенциалы жиылған, 
ғылыми-әлеуметтік ортаның шоғырланған астарындағы экологиялық жағдайына 
алаңдаушылық білдіріп, басқа аймақтардың қарқ болып тұрмағанын да қатты сынап өткен. 
Республиканың он пайыздай жерінде таулы аймақтар да кен, түсті металлургия, химия 
өндірістері орналасқаны, суды сұраусыз пайдаланатын қазақтың, жерді де бей-берекетсіз 
құнарсыздандырып жатқандығын автор философиялық толымды пайымдаулар арқылы 
жеткізеді. 


112 
және бұл очерктердің танымдық концепцияларды, әлем, қоғам, адам заңдылықтарын 
түсіндіруге ұмтылыс жасайтынын сөзсіз. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат. –Алматы: 1996 ж.
2. Кекілбаев Ә. Ұйқыдағы арудың оянуы. – Алматы: Қазақстан, 1979. 
3. Дүйсенбаева Ж. Әбіш Кекілбаев шығармасындағы тарихи тағлым.-Алматы: 2007. 
4. Дүйсенбаева Ж. Ә.Кекілбаев прозасы. Халықтық аңыздар және көркемдік шешім: 
канд. диссертация. – Алматы, 1999. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет