133
Ал олардың өзгешеліктеріне келсек, тұрақты теңеулер –
тілдің фразеологиялық
жүйесіне кіретін «тілдік штамптар», ал еркін теңеулер-жеке ақын-жазушылардың
шығармашылық зертханасында дүниеге келген жеке-авторлық сөз кестелері. «Теңеу басқа
лингвистикалық категориялар мен единицалардан өзінің логикалық құрылымы,
компаративтік семантикасы, стильдік функциясы және танымдық мүмкіндігі арқылы
өзгешеленіп тұрады. Сонымен қатар теңеу тілдің барлық деңгейлерімен-фразеологиясымен
де, сөз тудыру жүйесімен де, синтаксисімен де-тікелей қарым-қатынаста өмір сүреді».
Демек, теңеу тілдің барлық деңгейлерімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүретін,
өзінің компаративтік мағынасы мен компаративтік
функциясын сол деңгейлердің
көмегімен жүзеге асыратын көпдеңгейлі, күрделі тілдік құбылыс.
Теңеуді таным құралы ретінде философияда, стильдік әдіс ретінде әдебиеттану
ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл білімінде зерттейді.
Теңеу категориясы-бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең
пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да өз бастауын осы теңеулерден алады. Қазақ
тілінде теңеудің бүкіл
лингвистикалық болмысын ашып, оның жасалу жолдары мен
синтаксистік құрылымын, түрлерін жан-жақты қарастырып зерттеген - Т.Қоңыров.
Ғалымның теңеуге берген анықтамасы: теңеу дегеніміз - ұқсас, ортақ белгілердің негізінде
бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік,
эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық
қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы [20,7].
Теңеудің өзіне тән ерекшелігі - белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру
арқылы көзге елестету. Шынында, теңейтін зат пен теңелетін заттың не себептен, не
үшін теңелгенін тереңірек алып қарасақ, оның түпкі қазығы ақынның көздеген мақсатымен
байланысты болып шығады. Теңеудің ішінде болымсыз теңеу дейтін болады. Бұнда бір
затты екінші затқа теңегенде, болымсыз мағына шығарады, мысалы: Ол онша әдемі жігіт
емес. Дегенмен бір көруге сиықсыз адам сықылды да емес. Денесі томардай жуан да емес.
Тал шыбықтай жіңішке де емес т.б.
Мұхамеджан Тазабеков:
Мейіріміңді көріп мен иілемін,
Меккеге жеті ай жүріп барған құлдай.
Иманды сөзім сіңсін жүрегіңе,
Әулиеге әуеден тамған нұрдай.
Көптің көңілін қалдырған жан емеспін,
Шөптің шөлін қандырған ақ жаңбырдай.
Салмақтап,
салиқалы ой тастайын,
Сары майдан суырып алған қылдай.
Алладан жәрдем тілеп сөз бастайын,
Намаздан жаңылмаған нар Жамбылдай.
Бекарыс Шойбеков:
Байқасақ, қара өлеңге бәрі байдай,
Бізді әлде қандай ғып осы кешке
Сақтапты бүйендегі сары майдай.
Жадырап жас адамша сөйлейікші,
Маңырап қала бермей кәрі қойдай.
Жұртқа жөн сілтейтіндей ой айтайық,
Күн менен күліп шыққан жарық айдай.
Теңеу образы қызметін атқарған құс атаулары адам бойындағы әртүрлі қасиеттерді
бейнелеп, адам басынан кешкен жағдайларды, көңіл-күйін таныту қызметін атқарған.
Тілдегі таңбалар – ұлттың сөз қоймасы іспетті, себебі таңбаларда ұлттың өмірінен мәлімет
беретін мол ақпарат жатады. Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы, ұғымды берудің
134
көркемдік тәсіліне теңеулерді жатқыздық. Себебі теңеулерде ұлт тілінің өзіне ғана тән
ерекшелігін көрсететін белгілер барынша ашық әрі айқын көрініп тұрады.
Серік Қалиев:
Тұлпардай бір туатын ғасырдағы,
Атағын алты Алаштың асыр кәні.
Қыздай боп сәнденіп-ақ келіпсің ғой,
Бөркіңді тас қадап ап басыңдағы.
Мэлс Қосымбаев:
Байқасаңыз, халайық,
Айтыс деген асқардай.
Асқарды қарап тұратын,
Бұл халықтың көңілі
Биіктегі аспандай.
Қошқарды қайдан шығардың,
Шабытыңды шашқандай?
Ендеше сенің сөздерің,
Суырып айта алмасаң,
Қотырдан өлген қошқардай
Оразалы Досбосынов:
Сары бидайын сапырған сары қымыздай,
Сұлыға зар болып тұр қырманы елдің.
Мемлекеттің бар
малы жоқ боп жатыр,
Тоз-тоз боп тоқымындай сынған ердің.
Шаршаған жұрт көңілін құлазытпай,
Айтыспен көтергелі мұнда келдім.
Қызылшаны сүбедей сүйкеп отыр,
Қызыл еті таусылған қырдағы елдің.
Танып- білудің ең қарапайым формасы ұқсату, балау, салыстыру, теңеу нәтижесінде
жүзеге асады. Профессор Т. Қоңыров “...теңеу – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері
жинақталған, дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялардың бірі” –
деген ой қорытады. Теңеу ең алдымен адам санасымен, ассоциациялық ойлау нәтижесімен
тығыз байланысты. Әр ұлттың тілі мен діліндегі ұлттық ерекшелігі де осы теңеуден
көрінеді. Әр ұлттың өз танымына жақын сөздерді қолдануы заңды да. Себебі тіл иесінің ой-
өрісі мен танып-білу әлеміне байланысты әр тіл дүние-ғаламның үзіктерін өзінше жеткізіп,
бейнелеп суреттейді және ол өз тіліндегі ғалам бейнесіне сай болады. Тіліміздегі теңеулер
халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның ойлау және танымдық қабілеті жөнінде бай мәлімет
береді. Қазақ таным-түсінігінде төрт түлік мал мен кейбір аң-құстардың және
жануарлардың киелі екені ертеден белгілі. Жалпы құспен қатысты теңеулерде мифтік
мазмұн басым болып келеді және олар туралы таным-түсінік тілімізде молынан сақталған.
Өмірдің әртүрлі жақтарын суреттеу үшін эпитет, теңеулер ақынға тіл құралының
негізгісінің бірі боп саналады. Пушкин, Горький, Абай, Сәкен, Ілияс сықылды үлкен
суретші, ірі
ақындардың еңбектерінде эпитет, теңеулерін де көп кездестіреміз. Есте
сақтайтын бір жайт –тай(-тей),-дай(-дей) сөзге жұрнақ ретінде жалғанса ғана теңеулік
мағына береді. Ал көсемше етістік қызметін атқарып тұрғанда теңеулік мағына бермейді.
Сондай-ақ, ақындар тіліндегі мақал-мәтелдердің көрінісі жоғары деңгейде. Мысалы,
«дөкейлер ақындарға бұғау салды, жар астында екен ғой дұшпан деген» (Жау жоқ деме жар
астында), «ақындар билікпенен сыйыспадық, мысық жолдас болмайды тышқанменен»,
«теңді теңге, тезекті қапқа салмай», (Тең теңімен, тезек қабымен), «бас кеспек болса-дағы
тіл кеспек жоқ», (Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ).
135
Тәуелсіздік жылдарындағы ақындар айтысының басты ерекшеліктерінің бірі ұлт
тілінің асыл-жауһарларын жарқырата көрсету болып табылады. Айтыс табиғатын жақсы
түсінетін кез келген тыңдаушы, көрермен ең алдымен ақынның тіл шеберлігіне, сөз
байлығына назар аударады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.3.Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б.
2.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 212 б.
3.Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980 – 136 б.
4.Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. – 243 б.
5.Қазіргі айтыс 1, 2-кітап. Құраст.: Н. Айтұлы, С. Дүйсенғазин. – Астана: «Күлтегін»
баспасы, 2004.
6.М.Ғабуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті Алматы, «Санат» 1996ж.
Достарыңызбен бөлісу: