202
ақпараттық технологиясын Е.И.Машбиц, И.В.Роберт, Б.С.Гершунский, Н.В.Чекалева оқу
үдерісінде пайдалану мәселелеріне т.б. өз еңбектерін арнаған [7,8].
Ақпараттық технологияларды қолдану кезінде: студенттер компьютермен қатысқан
сабақтарға көбірек қызығып, олармен жұмыс істегенде өздерін ыңғайлы сезінеді;-
студенттер арасындағы, студенттер мен компьютер арасындағы қатынастың сипаты
өзгереді;
-топтың ауызбірлігі артып, өзін-өзі және басқаларды сыйлаумен қатар, сыншыл
көзқарас, өзінің және басқалардың мүмкіндіктерін,
сондай-ақ компьютердің де
мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алу қабілеті артады;- компьютерлік желіде (мысалы,
ғаламторда) жұмыс істегенде, аса маңызды әлеуметтік дағдылар қалыптасады: әдептілік,
жауапкершілік, басқа адамдардың ұстанымын ескере отырып, өз мінез-құлқына ие болу –
қарым-қатынастың гуманистік түрткілері және т.б.Мультимедиа технологияларының сан
алуан түрлерін кешенді түрде қолдану, жетекші-педагогтан бастап қарапайым студентке
дейін, барлық қолданушылардың өзара қарым-қатынасының дамуына ықпал етеді, ол
студентке өзін-өзі таныстыруға бар күш-жігерін салып, өз қабілетін жандандыруға
мүмкіндік береді, ол оқытушының қолдау көрсетуі арқылы өз мүмкіндіктерін, өз
адамгершілігі мен құндылығын танып, өзін-өзі өзгертеді.
Ақпараттық технологияларды олардың қызметі бойынша жіктеуге болады. А.В.
Дворецкая ақпараттық технологиялардың мынадай түрлерін бөліп қарастырады:
тұсаукесер, жаттықтыратын ойындар мен дамытатын бағдарламалар, дидактикалық
материалдар, бағдарламалар-жаттықтыру құрылғысы, виртуалды тәжірибе жүйелері,
электронды оқулықтар, электронды энциклопедиялар[9].
АТК-ның көмегімен пайдаланушыға ақпаратты жеткізіп қана қоймай, оны алуға да
болады. Ақпараттық технологиялар кез келген жерде және кез келген уақытта оқытуға
мүмкіндік береді, бұл оларды білім беру өрісіндегі оқу материалдарын оқытудың аса
қуатты құралына айналдырады. АКТ-ның өзіне тән ерекшеліктері
ЖОО-да білім беру
мақсаттарын жүзеге асырудағы оның орнын бағалауға мүмкіндік береді. Біріншіден, АКТ
материалды оқып- білудің мазмұны мен әдістемесін толықтырады, ол студенттің сезімдік
тәжірибесін байытып, жүйлендіру мүмкіндігін арттырады. Әсіресе, шынайы оқу
жағдайында материалды қабылдау мүмкін емес немесе қиындық тудыратын кездерде.
Екіншіден, АКТ оқуда қиындықтарға кезігетін студенттерді де, озат студенттерді де
жеке-дара оқыту үрдісі үшін жағдай жасайды.
Үшіншіден, баспа оқулықтарына қарағанда көрнекілік деңгейі айтарлықтай жоғары.
Өйткені жоғары деңгейдегі бұл көрнекілік анимация, дыбыс, видеоүзінділер көмегімен
орындалады.
Бұған қоса, АКТ арқасында мұғалімнің жағымды зияткерлік оқыту ортасын жасауға
мүмкіндігі пайда болады, бұл үлгерімі жақсы студенттер үшін аса қажет.
АКТ бірнеше дидактикалық қызметті атқарады: білім беру; дамытушылық;
тәрбиелік.
АКТ- мен жұмыс істеу барысында студент материалды толық меңгереді, теориялық
және эмпирикалық ойлауы біркелкі дамиды, білім- білік дағдысы, қызығушылығы,
танымдық белсенділігі артады, ал оқытушы студенттердің зейінін өзіне тарту жетістігіне
ие болады. Оларды ойландыра, толғандыра отырып, зейінін оқу үрдісіне тарту әрекеттері
оқытушының тиімді құралы болып табылады. Білімді игеру дегеніміз – оны ұғу, есте
сақтау, қолдана білу. Білімді игеру – алғашқы оқу материалын меңгеретін, білімді
бекітетін, бақылау және оқу жұмыстарының нәтижесін бағалайтын, сондай- ақ,
дидактикалық міндеттерді шешетін күрделі жүйе. Жүйелей келе, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың, біріншіден, білім сапасының артуына, екіншіден,
оқытушы мен студенттің үздіксіз ізденіс арқылы дамуына ықпалы зор екендігімен
түйіндеймін.
АКТ-ның мүмкіндіктерін қолданудың студентке берер мынандай тиімділіктері
аңғарылды:
203
- түрлі ақпараттық,
бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты
жетілдіреді, дамытады;
- өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
-тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға
мүмкіндік беріледі;
-пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
- ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды;
- өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізеді;
- түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
- түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап, өзінің алған білімін тексереді.
Студенттер ғаламтор желісімен түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатыса алады.
Сонымен қатар, тест жұмыстарымен түрлі ойындар арқылы өтетін қызықты жаттығулар
жасауға мүмкіндіктері болады.
Соңғы он жылдықта адамзаттың жеткен жетістіктерінің бірі, оқыту үрдісіне елеулі
әсерін тигізген халықаралық желі – ғаламтор. Ғаламторды оқу мақсатында қолдану
әдістемесінің жаңа бағыты болып саналады. Қазіргі таңда білімді дамыту – студенттің
ақпараттық потенттік деңгейін дамыту деген сөз. Әлемдік ақпараттық қоғамға ену үшін
студент ақпараттық мәдениетті, компьютерлік экранды білу қажет, яғни ғаламтормен тығыз
байланыста болу керек.
Ғаламтор – әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар жайлы мәлімет алудың тез және
ең оңай жолы. Ғаламтордың көмегімен аудиторияны жаңалықтар өзегімен қамтамасыз етіп,
студенттерді тәжірибелі журналистерге айналдыруға болады. Қазіргі таңда көптеген
газеттердің жеке WEB парақшалары бар. Сонымен қатар, WEB газеттер түрлі бөлімдерге
бөлінеді: жаңалықтар (мәдениет және өнер, сауда, экономика, т.б.), спорт, жарнама, ауа
райы жаңалықтары[9].
Студенттерді екі - екіден немесе үш - үштен бөліп, мақаланы
зерттеуге тапсырма беруге болады. Бұл әдіс бүкіл аудиторияның қызығушылығын
арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып отыруына үлкен ықпалын тигізеді.
Дарынды
студенттер күрделі мақаламен жұмыс жасай алады, ал үлгерімі төмен студенттер ауа
райымен, мәдениетпен байланысты мақаламен жұмыс жасауға болады.
Студенттер белгілі бір оқиғаға байланысты өзінің жеке тұжырымдамаларын жасауға
болады. Мақалаларды зерттеудегі мәдениаралық біліктілікті дамыту арқылы студенттер
мәселені терең меңгереді, өз ойын жеткізе алады және сараптама жасап үйренеді. Жұмыс
жасалғаннан кейін, әрбір студент жұмысын талқылау мақсатында дөңгелек үстел немесе
телеконференция өткізу қажет. Студенттер өздеріне қажетті ақпаратты табуды, оны оқып,
ішінен ең маңыздысын табуды және өз қажеттілігіне жұмсауды үйренуі шарт. Және
студенттердің бойында өзіндік білім алуды, бүгінгі күн талабына сай ізденуді, ақпараттық
ағымда жол табу және өзін - өзі дамытуды әрі қарай жетілдіру қажет.
Қорыта айтқанда, білім беру процесінде АКТ –ны жаңа заман талабына сай
түрлерінен саналатын мультимедиалық энциклопедия, қашықтықтан оқыту, электрондық
оқулықтар мен түрлі дыбыстық таспа материалдары бүгінгі таңда студенттердің қай пәнді
болмасын тез әрі терең, шығармашылықпен игеруіне мейлінше қолайлы жағдай тудырып
отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Лапчик М.П.
Методика преподавания информатикиАкадемия. - 2009. - с.294
3. Бидайбеков Е.Ы. Развитие методической системы обучения информатике
специалистов совмещенных с информатикой профилей в университетах Республики
Казахстан: автореф. ... докт.пед.наук:13.00.02. – М., 1998. – с.34
4. Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения.
- М.: Педагогика, 1998. - с.192