205
спорттық дайындық. Дене тәрбиесі пәнінде жаңа
технологияларды пайдалану
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар.
Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де
оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы
ұйымдастырылған
сабаққа
байланысты.
Сондықтан
оқушылардың
пәнге
қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу
тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді, спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар
өмірін алуға болады. Сондықтан да мұғалім жаңа инновациялық технологияларды тиімді
қолдануы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты,
спортқа бейім
оқушылармен белсене жұмыс жасауды, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдайлар
туғызуды, еңбектенуді үйретеді.
Дене тәрбиесі пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттердің
әртүрлі дағдыларын дамытуға болады. Себебі, дене тәрбиесі интеграциялық пән ретінде,
салауатты өмір салтын қалыптастыру, валеология, анатомия, медицина сияқты пәндердің
негізін үйретеді. Дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалысты ғана дамытып қоймай,
«Кластер», «Ми шабуылы» сияқты белсенді әдістерді сабақ үрдісінде қолдану арқылы
оқушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытады. Сонымен қатар әртүрлі тақырыпқа
арнап, оқушыларға жоба жазуға болады. Мысалы, «Студенттердің салауатты өмір салтын
қалыптастыру», «Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолдану», «Дені сау
қоғам құру» т.б.
Дене тәрбиесі сабағында жиі қолданылатын технологиялардың бірі -ойын
технологиясы. Студенттердің ептілік дағдысын қалыптастыру барысында ұлттық
ойындарды қолданудың маңызы зор. Ұлттық ойындар
негізінде студенттердің
этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруға болады. Ұлттық ойындар арқылы жарыс
ұйымдастыру білім алушылардың шапшаңдығын, бәсекелестігін дамытуға көмектеседі.
Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі –
асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар студенттер ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың
саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты – асық ұтып алу. Асық ойынының
түрлері өте көп. Олар –алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек.
Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, ол баланы жастайынан салауатты
өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшық еттерінің
жетілуіне, тыныс алу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге,
соның
нәтижесінде қырағылық пен мергендікке баулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі
сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Қазақтың
ұлттық ойындарының көпшілігі ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен
логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген.
Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны.
Қорыта айтқанда, дене тәрбиесі сабағында студенттердің салауатты өмір сүру
дағдысын қалыптастыру әртүрлі ақпараттық технологиялардың негізінде жүзеге асады.
Соның бірі - онлайн сабақтары. Қашықтан оқыту технологиясы негізінде дене тәрбиесі
пәнінен әртүрлі жазба жұмыстарын платформаға орналастыруға болады. Жазба
жұмыстарына реферат,
баяндама, эссе, жоба, мақала т.б жатады. Болашақ дене тәрбиесі
мұғалімдерін дайындауда да ақпараттық технологияның маңызы зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Абилова Л.К. Оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану арқылы білім мазмұнын
жетілдіру //www.zkoipk.kz/kz/2016smart5/2445-conf.html
2.
Глушков В.М. Компьютеризация в
сфере образования: проблемы и
перспективы. – М.,1987.
3.
Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях
информатизации образования. – Алматы, 2004.