ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ
САБАҒЫНДА БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Бүркітбаева Г.,
№17 Жалпы Білім беру орта мектебі мұғалімі-Ақтау қ., Қазақстан
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болып бірігіп қолға алатын маңызы күшті, жауапкершілігі
мықты аса ауыр міндет. Бүгінгі оқудың сапасын қалай арттырамыз дегенде бірінші кезекте
сабақ үрдісін жаңалау, жетілдіру, жаңашыл ойлайтын саналы тұлғаны қалыптастыру
керектігін алға тартамыз.
Қазірде ғаламдық жаңалықтармен қоса қабат еніп жатқан білімдегі өзгерістердің
баланың сана сезіміне лайықталып, тиімді білім алуын қадағалауымыз қажет. Білім алудың
қиындығын, білім алушыдан көп еңбек пен ізденістің қажеттілігін ұлылар сөзі де растайды.
«Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана
білім»(Л.Н.Толстой), «Егер біздің балаларымыз шын мәніндегі білімді адам болғысы келсе,
олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға талпынуы тиіс» (Н.Г.Чернышевский) [1].
194
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінің жаңаша формациясында оқушылардың жаңаша
ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымын қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі
білім, білік негіздерін дамытуға ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру маңызды
мәселе. ҚР «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі-
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық,
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Осы орайда білім беру мазмұнын
жаңарту білім берудің жаңа үрдістерін енгізіп, қазақстандық білім беру жүйесінің сапалы
көрсеткіштерге жетуімен басымдық танытады. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша
оқу бағдарламасының сөйлеу әрекетінің төрт түрін, жазылым, айтылым, тыңдалым,
оқылымды негізге алуы мол тәжірибені қажет етеді. Қазақ тілі сабағында мұғалімнің
шеберлігін арттыра отырып, оқушылармен білімді функционалды және шығармашылық
негізде қолдану арқылы жаңартылған білім бағдарламасындағы күтілетін нәтижеге қол
жеткізуге болады.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы мен мұғалімнің сыни тұрғыдан
ойлай отырып, қабілет дағдыларын дамытуын, топпен, жеке жұмыс жасай білуін,
бағалаудың критериалдық жүйесінің енгізілуімен айқындалады. Критериалды бағалау
кезінде оқушылардың ойлау, логикалық қабілетін дамытып, ғылыми жұмыспен
шұғылдануына, коммуникативті қарым-қатынасқа түсуіне, функционалдық сауаттылығын
арттыруына жол ашылады [2].
Қазақ тілі сабағында оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық әлеуетін арттыруына жол ашуымыз керек. Осы бағытта қазақ
тілі сабағында жүргізілетін тпотық, жеке жұмыстардың маңызы, оны оқушыларға
ұйымдастыру ғана емес, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашатындай
форматта ұсынудың маңыздылығы шығады. Жалпы тіл сабағына ынтасын арттыру үшін
қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез тарауы мен даму жылдамдығы білім беруге
қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру
бағытында мынадай мақсат-міндеттерді қойып отыр:
-қазақ тілінен білім сапасын арттыру;
-әлемдік білім беру кеңістігіне ену:
-оқушылардың қазақ тілі сабағында интернет жүйесін қолданыуы;
-электронды оқулықтармен жұмыс жасау.
Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда төмендегідей талапар орындалуы тиіс.
Біріншіден, мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану, анимациялық, слайд шоулар
жасап үйрену, екіншіден, мұғалім өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық
ұсынылым, әртүрлі аудиторияларға бір ғана оқу мәліметін ұсынуға мүмкіндік алады.
Қазақ тілінен кесте, кроссворд құрастыру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы
грамматикалық және оқу материалдарын өңдей алады. Жаңартылғаноқу бағдарламасы
негізінде интерактивті оқыту әдісінің басты мақсаты- сыни ойлауын қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс арқылы әрекет арқылы оқыту жүйесі негізге алынса, қазақ тілі
сабақтарында оқу үдерісіне терең ойлану, өз идеясын айту, талқыға салу, ақпаратты
қабылдап, жеткізе білу, пікірталастарда өз ойын жеткізіп, пікірін дәлелдеп шығуды мақсат
етеді. Бұл мақсатқа бірлескен топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстары арқылы, рөлдік
ойындармен, тренинг, интервью, перзентация, сауалнама әрекеттері арқылы орындалады.
Қорыта айтқанда, қоғамның сұранысына лайықты технологияларды, әдіс-тәсілдерді
меңгерген мұғалім білім беру мазмұны бойынша, ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-
жақты тұлғаны қалыптастыра алады [3].
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Тәрбие
хрестоматиясы.
Құрастырғандар:
С.Қалиев,
Ш.Майғаранова.,
Г.Нысанбаева. Алматы, 2001.-331 б.
195
2. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша нұсқаулық.-Астана, 2017.
3. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.-Астана, 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |