209
ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ
Кулманова Ж.А.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжініңфизика пәнінің
оқытушысы,-Қызылорда қ., Қазақстан
Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей,
оны керісінше, әлеуметтік адаптация
процесіне бейімдеу қажет.
Осыған орай оқушылардың алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен
даналықты білдіретін құзыреттерді қалыптастыруда жаратылыстану бағытындағы пәндер –
басым бағыттардың бірі болып табылады. Ой-өрісі кең тұлғаны қалыптастыруда
жаратылыстану пәндерінің орны ерекше.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде өзгелерінен гөрі тезірек дамып, күнделікті
өмірде кеңінен қолданыс тапқаны – физика. Сондықтан да болар, бүгінгі
жетекші рөл
атқаратын ғылымдардың біріне айналып отыр. Физиканың ғылыми маңызынан бөлек, оның
күнделікті тұрмыста жан-жақты орын ала бастаған салалары баршамызға мәлім. Сол
себепті физика пәнінен алған білімін тұрмыста кездесетін жағдаяттардың шешімін табуға
қолданса, бұл сол оқушының функционалдық сауаттылығы болып табылады.
Сабақ барысында мұғалім оқушыларға проблемалық сұрақ қойып, оның шешімін
табуға шақырады. Проблемалық оқыту әдісі дамыта оқыту бағытына сәйкес , оқушылардың
шығармашылық және өздігінен танып білу қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Проблемалық оқыту сабақты ерекше ұйымдастыру негізінде іске асырылады. Мұғалім
проблемалық
жағдай жасап, оқушыларды ол проблеманың шешімін бірлесіп іздестіруге
тарта алады. Ал оқушылар тапсырманы мұғаліммен бірге талдап, шешімін табады. Және
бірге шешімнің дұрыс бұрыстығын тексереді. Осылайша субъект-объект-субъект ретінде
кішігірім пікірталас болады. Тіпті пікірлер қарама-қайшы немесе сан алуан болған күннің
өзінде, оқушылар дұрыс шешімге жету жолында терең ой қорытып, бірнеше жауаптарды
салыстыра алады.
Сонымен қатар сабақ үдерісінде төмендегідей әдістерді қолдануға болады:
«Болжау» оқушыға өтілетін материалға байланысты әртүрлі болжамдар келтіре
отырып, оларды өздігінен ізденуге үйрету. Мысалы, электромагниттік индукция
құбылысын өтер алдында
Эрстед тәжірибесін көрсетіп, электр тогының айналасында
магнит өрісі болатынын дәлелдеп, енді керісінше магнит өрісін электр тогына айналдыруға
бола ма?- деген болжам арқылы электромагниттік индукция құбылысын түсіндіруге
болады.
«Анықталмағандық » оқушыларға тапсырма бергенде бірнеше шешімі
болатын,шамаларды өздері табатындай тапсырмалар ұсыну. Мысалы,
геометриялық
оптикада жарықтың шағылу құбылысын өткен кезде «Суретті бір жағы ақшылданған
әйнекпен жапсақ сурет көріне ме?» Оқушылар тәжірибе жасау кезінде оны өздері табады,
әрі неге олай болатынын талдау арқылы жарықтың толық шағылу құбылысымен танысады.
«Пікір таластыру»оқушыларға қандай да бір идеяның дұрыс емес екенін дәлелдеуді
үйрету.Мысалы, мәңгі қозғалтқыштардың ұсынылған жобаларының дұрыс емес екенін
дәлелдеуді
ұсыну
«Тұжырым жаса»
Берілген сандар, суреттер, кестелер, сызбалар,
диаграммаларды талдап, тұжырым
жасалады. Бұл ақпараттарды талдау дұрыс тұжырымға жету кезінде логикалық ойлануға,
заңдылықтардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу үдерісінде пайда болған проблемалық жағдай оқушылардың белсенділігін
арттырады, білім алуға қызығушылығын тудырады.
Ұлы ғалым Эйнштейннің өзі оқыған гимназиясында үздік оқығандардың қатарында
болмаған. Ол математика мен латын тілін жақсы білгенімен ұстаздарымен үнемі сөз
таластыратын болған. Жас Эйнштейн ұстаздардың оқушыларға авторитарлық қарым-
210
қатынасына үнемі қарсы шығатын. Оның ойынша, материалды механикалық түрде жаттау
– білім алу және шығармашылық ойлауға зиян тигізеді. Эйнштейн бала кезден –ақ осылай
ойлаған екен.[7]
Атақты адамдарымыздың мысалында біз баланың ойлау еркіндігін шектемей, жан-
жақты ойлауына, шығармашылық қасиетін дамуына мүмкіндік беруіміз қажет. Әрбір адам
ерекше, ешкімге ұқсамайтын тұлға.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр.
Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара
тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі
мектептің басты міндеті - өзіндік ой-
көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға
қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде
бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын
еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлануға бейім,
интеллект қабілеті дамыған, қоғамдық
өмірде өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін үлкен
жауапты іс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Б.Акитай «Физиканы оқыту теориясы мен әдістемелік негіздері»
2.
С.Серикбаева «Физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері»
3.
З.Жанабаев,Н.Ильясов, «Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»
Достарыңызбен бөлісу: