«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет70/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ 
 
Асылбекқызы Р. 
№43 Ж.Махамбетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі,-Қызылорда қ., Қазақстан 
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс 
екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті қалыптастырушы ақын – жазушылар туралы, 
олардың көркем шығармалары жайында әңгімелеуіміз қажет. Қ.Бітібаева: «Мектептегі 
барлық пәндердің ішінен баланың жан-жүрегі,ой дүниесіне бойлай еніп,оның рухани өрісін 
болжай алатын бірден-бір пән әдебиет пәні сияқты.Әдебиет пәні нағыз достықтың, 
ынтымақтастықтың пәні» деп баға берген. Мектепте әдебиетті оқытуда алға қойған мақсат-
оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып,оқушының 
қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту,адамгершілікке тәрбиелеу, өз 
пікірін қалыптастыру болып табылады. Қазақ әдебиеті сабағында оқушының білім –білік 
дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын 
еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аудару керек. Сабақ барысында 
көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, 
рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін 
қалыптастыру», - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз 
Қажым Жұмалиев. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – 
оңай үрдіс емес. Қабылдау – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани 
әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы 
қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан 
өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы 
сезімді ояту – мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты дүние. Мұғалім әдебиетті оқыту 
барысында тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану қажет. Әдебиет сабағындағы ең басты 
жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем 
туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Сабақ барысында мұғалім 
оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, сезімін дамытудың жолдарын 
қарастыруы керек. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып зияткерлік, көркемдік, 


211 
сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беруге, , биік талғамды қалыптастыруға, әдеби 
мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және 
біліммен қаруландыруы ,логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін 
қалыптастыру қажет. Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра. Әдебиет – ұлттық 
танымның қайнар көзі. Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны 
оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен байланысты. Көркем шығарманы 
оқып, талдау барысында шығарманы талдаудың түрлеріне жете мән беру керек. Талдау 
дегеніміз - жеке қасиет ерекшеліктерді арнайы карастырып, танып білу арқылы бүтінді 
айқын сезінуге себін тигізетін, соған қызмет ететін тәсіл. Әдетте шығарманың 
ерекшеліктері, ірілі-ұсақты бөлшектері, олардың өз алдына оқшау сипат-белгілері көбірек 
козге түседі, оларды байқау жеңілірек болады.Көркем мәтінді талдау шығармашылық 
жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын 
меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы 
өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабілеті, көркем 
шығарманы талдау жүйесі, ең алдымен алдымен көркем туындыда жазылған, баяндалған 
оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады. Мұғалімнің түсіндірме әңгімелерінен кейін, 
мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысу, мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қою, әр 
бөліміне жоспар құру, құрылған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып мазмұндату, 
шығарманың басталуы, шығарма ішіндегі оқиғалардың байланысы, оқиғаның шарықтау 
шегі, шешімі айқындалады. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы 
пайымдалып, іс-қимылы, мінезі, қылығы, әрекеті айқындала түседі. 
Қ.Бітібаева шығарманы талдауда: 
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану, 
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу, 
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау, 
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту
жолдарын меңгерту тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-
композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын кешенді түрде қарастыру 
қажеттігін көрсетеді.Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі:
браз бойынша, тақырыптық,тұтас, автор ізімен ұсынылып жүр.Оқушының 
танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын 
ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық 
талдау.Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-
тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді.Көркем шығарманы талдаудың 
тиімділігінеде? Талдау жасай отырып оқушы шығармада көтерілген мәселені шешу үшін
мәселені зерттейді, ізденеді, белгілі бір сұрақтар төңірегінде ізденеді. Оқыған шығарманы 
талдай отырып, қабылдайды.Өз пікірін еркін білдіруге төселеді. Басқа көркем 
шығармалармен салыстырып, өзіндік бағасын береді, жүйелі түрде жұмыс жасауды 
меңгереді. Шығарма кейіпкерін сипаттап,танытатын, айқындап, даралап беретін негізгі 
элементтер: портрет, іс-қимыл әрекеті, тілдік көрінісі, көркемдік детальдар, суреттеме, 
кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, 
қақтығысы, күресі . Кейіпкерді талдап, тану барысында оқушы көркем шығармадағы 
кейіпкердің жүйесін нақтылайды, өзара байланысын, жазушының әр кейіпкерге қандай 
сипаттама бергенін, портретін, кейіпкерлердің диалогтары арқылы олардың мінезін 
ерекшелеп айқындап, негізгі орталық тұлғаны анықтайды. Қабылдау қасиеттеріне қарай 
мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны 
меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Көркем мәтінді қандай талдау түрінде 
жүргізсе де, басты ұстаным оқушылардың қызметін дұрыс ұйымдастыра білу, әрі 
оқушылардың дербес орындайтын тапсырмалары тұтас құрылымның бір бөлігі ретінде 
талдануы шарт. Көркем шығарманы талдау жұмысында кластер түзу, кубизм әдісі, қос 
жазбалы күнделік, методологиялық карта, жады картасы сияқты жұмыс түрлерін жүргізуге 
болады. Өз мәнінде жүргізілген талдау оқушылардың белсенді әрекетін, терең тынымы мен 


212 
талғамын қалыптастыруға оңтайлы жағдай туғызады. Қ.Бітібаева «Әдебиет – адамтану 
құралы» болса, әдебиет пәні – «адам тәрбиелеу құралы» деген пікірін әдебиет пәніне 
берілген сипаттама деп қарауға болады. Әдебиет – адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет 
– жан-жақты да терең ойлауға үйрететін пән. Әдебиет пәні оқушының ақыл ойын, 
шығармашылық қабілетін ғана жетілдіріп қоймай, жан –жақты дағдыларын шыңдап, тұлға 
ретінде қалыптасуына ықпал ететін мектептегі жалғыз пән. Әдебиет пәні өнер пәні ретінде 
шығармашылыққа баулудың мол мүмкіндігін тудыра алатын қасиетімен ерекшеленеді. Әр 
оқушының табиғатында өзіндік қалыптасқан шығармашылық көзі болады. Әдебиет пәні 
арқылы оқушының шығармашылық мүмкіндігіне жол ашудың толып жатқан жолдары мен 
тәсілдері бар. Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігін таныту үшін мұғалім әдебиеттанушы 
ғалым, зерттеуші болуға міндетті. Онсыз көркем әдебиеттің табиғатын өзі де тани алмайды, 
шәкірттерін де шығарманың сырына терең меңгерте алмайды. Әдебиет сабағының 
мақсатқа сай,сапалы өтуі мұғалімнің жан-жақты білімді болуы, көркемдік талғамы, 
шығармашылық ізденісіне байланысты. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ 
ғасыр: Оқу құралы, бағдарлама: Х,ХІ сыныптар.- Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚР 
білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000.- 274 б.
2.
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет