ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Нұрова Қ.С.,
Педагогика ғылымдарының магистрі «Педагогика» кафедрасының оқытушысы
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,-Ақтау қ.,
Қазақстан
XX ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген екен. Солай демекші, қазіргі кезде педогогика
220
ғылымында жаңа ұғымдар көп-ақ. Солардың бірі-«инновация» ұғымы. Оны жете түсініп,
инновациялық әдіс-тәсілдерді мектептерде оқу үрдісінде енгізу-оқушының саналы да сапалы
білім алуының бірден-бір шарты болып табылады. Инновация дегеніміз-жаңа жағдайдағы
жаңалық болып табылатын, нақты мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар,
жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс. Демек инновация –құрал және үрдіс ретінде әлдебір жаңалықты
енгізу деген сөз. Қазір бұл сөз "жаңа, өзгеру, жаңашылдық" деген мағынаны білдіреді және дәл
қазіргі жаңа заманға да "жаңа, жаңаша өзгерудің" мазмұны терең және анық екендігі белгілі [1].
Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту
материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:
-үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
-оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
-мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;
-үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
-көрнекі құралдардың көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына
әсер ету.
Заманауи жоғары технологияларды пайдалана отырып ғана, біз ұстаздар сапалы білім
беруге, тәрбиелеуге қол жеткізе аламыз. Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту
технологиялары, 40-қа жуық сабақтардың түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын
таныстыруға айналды. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде. Қазіргі кезде мектептің
оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл
технологиялардың бәрін бір сабақта қолдану мүмкін емес. Сол себепті, мектептегі әрбір пәнді
оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы
оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны
қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа
технологияны енгізу арқылы білім сапасын жақсартып, дамыта оқытуды жүзеге асыртып,
сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жеке жұмыс жасай отырып, саралап оқытуға
мүмкіндік туады. Жаңа технология оқушының өзіндік жеке жұмыс атқаруына және ең бастысы
оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпалын тигізеді.
Оқыту барысында инновациялық әдістерді қолдану және оның негізгі бағыттары.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай
мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-
тәсілдер жаңа білім берудің бірден – бір шарты. Жалпы білім беретін мектептерге
инновациялық әдістерді қолдануды ұсынар едім.
-Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану;
-Оқушылардың резервтік мүмкіндіктерін диагностикалау; Пәннің түсіндірілуі мен
ақпараттың жеткізілуінің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
оқу – тәрбие үрдісін компьютеризациялау және технологияландыру. Мұғалімнің өз-
өзіне қойған талаптары жекеше бағытталған білімнен қалыптасып. Білім беру жүйесіндегі
инновациялар – бұл мұғалімдердің классикалық оқыту-тәрбиелеу-дамыту педагогикалық
ұстанымдарын сақтай отырып, уақытпен бірлесе жұмыс істеу шеберліктері. Бірақ, бұл
даярлық бірден,бір уақытта туындай алмайды, ол мектептегі мұғалімдердің мыңдаған сабақ
өткізулерінен жинақталады. Сондықтан қазіргі замандағы инновациялық замандағы
сабақтың үлгісі деп, мұғалімдердің жинақталған мол әдістемелік тәжірбиесінің
интеграциясындағы, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік
және отандық жетістіктердің трансфертін қамтамасыз ететін сабақты айтуға болады.
Инновациялар мектептен, мұғалімдердің педагогикалық қызыметінен бастау алады.
Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңында: « Білім беру жүйесінің басты міндеті
– ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
берудегі ақпараттандыру, халықаралық желіге шығу»- делінген.
221
Мұғалімдердің міндеті - баланың жеке басын қалыптастыру процесінде білім, білік,
дағды жинақтауға бағытталған дәстүрлі оқытуды өзгерту. Оқу процесінде оқушының
танымдық және шығармашылық қызметін жүзеге асыру үшін білім беру сапасын арттыруға,
оқу уақытын тиімді пайдалануға және үй тапсырмасына бөлінетін уақытты азайту арқылы
оқушылардың репродуктивті белсенділігінің үлесін төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи
білім беру технологиялары қолданылады. Заманауи білім беру технологиялары даралауға, оқу
процесінің қашықтығы мен өзгермелілігіне, білім деңгейі мен жасына қарамастан
оқушылардың академиялық ұтқырлығына бағытталған. Мектепте оқу-тәрбие үрдісінде
қолданылатын педагогикалық технологиялардың кең спектрі ұсынылған.
Қазіргі таңдағы ең тиімді жаңа технологиялар:
-Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
-Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
-Жоба технологиясы
-Дамыта оқыту технологиясы
-Денсаулық сақтау технологиялары
-Проблемалық оқыту технологиясы
-Ойын технологиялары
Педагогикалық технологияның тиімді тұстары:
-Оқушы өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік алады, соған үйренеді;
-Оқушының жеке қабілеті анықталады;
-Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
-Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
-Өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
-Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
-Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Мен өз практикамда проблемалық оқыту технологияларын, жобалық жұмыстарды,
ойындарды, топтық технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар,
белсенділік әдісін Л.Г.Петерсоннің әдісін жиі қолданамын. Оқушылар үшін ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы сабақ өткізу қызықты болады. Нәтижесінде білімді тиімді
игеру пайда болады; сабақта анықтық деңгейі жақсарады. Әрине, бұған басқа әдістермен қол
жеткізуге де болады (плакаттар, карталар, кестелер, жазу), бірақ компьютерлік технологиялар
көрнекіліктің анағұрлым жоғары деңгейін жасайды. Сыныптағы және сабақтан кейін
оқушылардың көкжиегін кеңейту үшін жаңа ақпарат алу және интернет ресурстарынан
алынған материалдардың көмегімен өзім жасаған презентацияларды қолданамын. Балалар
слайдтарды қуана-қуана көреді, көргендерін талқылауға белсенді қатысады.
Ойын технологиясы. Ойын - бұл өмірдегі керемет құбылыстардың бірі. Қазіргі
педагогикада ойын, дидактикалық ойын тақырып тұжырымдамасын, тіпті тақырыптың
бөлігін, сонымен қатар жалпы технологияның элементін игеру үшін тәуелсіз технология
ретінде қолданылады. Ойын - баланы әлеуметтендірудің ең күшті құралы, өмірдегі әртүрлі
жағдайларды модельдеуге, одан шығудың жолын іздеуге мүмкіндік береді. Ойын адам
ретінде өзін-өзі тану саласы ретінде өте маңызды.
Quizizz- бұл мұғалімдер ойын түрінде әртүрлі викториналар мен сауалнамалар жасай
алатын, сонымен қатар интерактивті сабақтар жүргізе алатын платформа. Бұл платформада
сабақты әртүрлі форматта өткізсе болады.М ысалы топқа бөліп немесе жеке жұмыстарда
ойнатса, оқушыларды бақылап кімнің сабаққа атсалыса қатысып отырғанын, кімнің сабаққа
жақсы дайындықпен келгенін көруге болады. Оқушыларға бұл форматта өткен сабақтарға
қызығушылықтарын туғызды.
Платформа Wordwall (https://wordwall.net/ru/myactivities)- оқу тапсырмаларын
жасауға арналған көпфункционалды құрал болып табылады. Қарапайымдығы ондағы
дайын үлгілер (шаблондар) интерактивті тақтада ойнатылады. Бұл платформа
оқушылардың назарын өзіне аударта алды. Себебі көпфункционалды топпен немесе жеке
222
түрде тапсырмалар орындатып сабақты қызықты форматта өткіздім. Барлық балалар
осындай ойын түрінде өткен сабақтарға атсалыса қатысып, қызығушылықтары артты.
Инновациялық технологияларды кеңінен енгізу мектеп оқушыларының білім
сапасын, танымдық белсенділігі мен оқу мотивациясын жақсартуға жағдай жасайды.
Қазіргі білім беру технологияларын қолдану нәтижесінде: - Мен сабақ берген сыныптар
бойынша білімнің тұрақты сапасы (55-65%), инновациялық технологияларды қолданғаннан
кейін сыныпта оқушылардың 70-80% сабаққа деген қызығушылығы артты. - Оқушылардың
мотивациялық сферасын диагностикалау нәтижелері оқу-танымдық мотивтердің тар
көзқарастарға қарағанда басым екенін көрсетеді. Осылайша, мен тиімді қолданған осы
технологиялар - баланың жеке басын Жалпы қазіргі ғылым мен техниканың ғарыштап
дамып келе жатқан заманында инновациялық әдістерді яғни жаңа технологияларды оқу-
тәрбие процесінде қолдану өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білім деңгейін жаңа өмір
жағдайына сай дәрежеге жеткізу үшін өте маңызды және қажетті болып отыр.
Күнделікті сабаққа инновациялық әдістерді пайдалану айтарлықтай нәтиже беріп
келеді. Заман ағымына сай инновациялық әдістерді пайдалану оқушылардың
қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін
қайталап көрге немесе тыңдауға, алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқушылар өздері де алынған ақпараттарды көшіріп алып онымен өз ыңғайына қарай жұмыс
істей алады. Мұның барлығы білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,
оқушылардың жүйелі ойлауларына, құндылық бағдарламалардың қалыптасуын туғызады.
Ендеше оқушылардың дүние танымын кеңейтудің, олардың белсенділік қабілетімен
біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы // Білім әлемі. 30. 10. 2004. - № 5. – Б. 21-26.
2. Войткевич Н.Н. Как создать ситуацию выбора. Химия в школе. - 2007. № 6. С. 24-26.
3. Бессонова Е.А. Сравнительный анализ педагогических условий образовательного
выбора в школах Европы: Дисс канд.пед.наук. - СПб., -2005. – 95 с.
4. Третьякова Т.П. – Гимназия «Классическая», г. Тольятти, 2000. – 23 б.
Достарыңызбен бөлісу: |