Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет170/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Сымдарды тарту. 
Желілері бойымен тартылған сымдарды қадаммен 
көтереді және тіреулердің ілгектеріне іледі. Сымдарды шатастырып алмау 
үшін алдымен олардың біреуін (ең жоғарғысчын), одан кейін рет-ретімен 
қалғандарымен көтеріп, тартып отыру ұсынылған.
Сымдарды тарту кезінде оларды ӘЖ тіреулерінде орналастырудың 
анықталған тәртібін сақтау керек. Ол талап әртүрлі материалдардан 
жасалған сымдардың салбырлап кету жебелері қоршаған орта 
температурасының өзгеруі кезінде бірдей болмайтындығынан қалыптасты: 
ең үлкен және ең кіші температураларында салбырлау жебесінің елеулі 
өзгеруі алюминий сымдарына тән болып келеді. Аса қолайсыз жағдайларда 
(мысалы, 40 °С жақын сыртқы ортаның температурасы кезінде) мыс немесе 
болат сымынан төмен аралықта орналасқан алюминий сымы оларға өте 
қауіпті қашықтықта жақындауы немесе, тіпті, оларға жанасуы мүмкін. 
Әртүрлі материалдарынан сымдардың тіреулері тігінен орналасқан кезде 
аралықтар арасында қалыпты қашықтықтардың бұзылу мүмкіндігін 
болдырмау мақсатында алюминий сымдарын басқа сымдарынан жоғары, ал 
болат сымдарын – төмен қарай орналастырады. ӘЖ тіреулерінде тігінен 
орналасуы кезінде бірдей металдың сымдары үшін оларды орналастырудың 
кез келген тәртібі қолданылуы мүмкін, себебі осы жағдайда салбырлау 
жебелері сыртқы орта температурасының кез-келген өзгерістерінде бірдей 
деңгейде өзгеретін боолады.
Салбырлау жебесі – сым немесе арқанның көршілес тіреулеріндегі 
салбырлаудың жалғау түзуінен аралықтағы сым немесе арқанның кез-
келген нүктесіне дейінгі тігінен қашықтық (11.25 сурет). Егер сым 
салбырауының нүктелері бір деңгейде орналасатын болса, онда 
салбырлаудың ең үлкен жебесі аралықтың ортасында болады.
Сымдарды тарту алдында тарқату аунақшаларының жарамдылығын 
тексеру керек, сонымен қатар, аралықтағы сымдарда айқастыру жоқ 
екендігіне көз жеткізген дұрыс болады. Сымдарды екі анкерлік тіреулер 
арасында тартады, яғни, бір анкерлік аралықтың шамасында. Аралық 
тіреулерге сымдарды тарқатқаннан және көтергеннен кейін, оны бірінші 


394 
11.25 сурет. Аралықтағы сымның 
күйі: 
AB—
салбырлаудың ең үлкен жебесі; 
ab— 
тіреуден с қашықтығына сым 
салбырлауының жебесі
11.26 сурет. Көздеу әдісімен қажетті 
салбырлау жебесін орнату

1, 6 — тіреулер; 2, 5 — көздеу тақтайлары; 
3 — көздеу түзуі; 4 — сым; h— 
салбырлау жебесі; Н — сым және жер 
арасындағы ең үлкен қашықтық
анкерлік тіреуінде нық бекітіп алып, екінші анкерлік тіреуінде бекітілген 
тарқату аунақшасы арқылы бүкіл анкерлік аралық бойынша тартады.
Сым шамамен қажет етілген салбырлау жебесіне дейін тартылған 
соң, екінші анкерлік тіреудің 
маңында 
монтаждық 
сына 
қысқышын 
орнату 
орнын 
белгілегеннен кейін, оны жерге 
түсіреді, қысқышты орнатады, ал 
қысқышқа тарту құрылғысының 
арқаның бекітеді. Ары қарай сымды 
тіреуге қайта көтереді, тарқату 
аунақшасына 
орнатады 
және 
тартуға көшеді. Сымды тарту 
үдерісін сипаттайтын негізгі шама 
оның салбырлау жебесі болып 
табылады, яғни, сымды тарту 
шыңайы 
салбырлау 
жебесі 
монтаждау 
қисығы 
бойынша 
анықталатын 
немесе 
жобада 
келтірілген 
кесте 
деректеріне 
сәйкес болатындай етіп орындалуы тиіс. Белгілі ұзындығы бар кез-
келген аралықта белгілеу әдісімен қажет етілген салбырлаудың жебесі 
(11.26 сурет) келесідей тәртіппен орындалады. Монтаждау қисығы 
немесе кестелер бойынша салбырлаудың қажет етілген жебесін 
анықтайды және 1 және 6 тіреулерінде сымның А және В салбырлау 
нүктелерінен h қашықтығына 2 және 5 арнайы көздеу тақтайларын 
орнатады.
Аралықтағы сымның төменгі нүктесі 3 көздеу тақтайымен сәйкес 
болуы керек.
Көздеу тақтайларын орнатқаннан кейін сымды 4 тартқыш 
құрылғысымен тартып алады. Көздеу қолайлығы үшін сымды алдымен 
бірақ тартады, одан кейін оны көздеу сызығынан 0,3...0,5 м жоғары 
көтере отырып осы күйде ол өзінің салмағының әсерінен тартылуы үшін 
бірнеше минут тосады.
Одан кейін, тіреуде орналасқан 
және көздеуді іске асырып отырған 
монтердің командасы бойынша
сымды ақырындап 3 желі бойынша 
түсіреді. провод плавно опускают 
до линии 3. Аралықтағы сымның 
төменгі нүктесі көздеу сызығымен 
теңескен 
сәтте, 
салбырлаудың 
жебесін көздеп отырған монтер 
тарту құрылғысын тоқтату белгісін 
береді, 
алынған 
салбырлаудың 
жебесі монтаж шарттары бойынша 


395 
сәйкес болып келеді. 


396 
Қажет етілген салбырлау жебесіге қол жеткізгеннен кейін, тарту 
арқанын монтаждау қысқышынан ажыратады. Анкерлік тіреуде 
орналасқан монтер ажыратқышқа байлау сымымен сымды бекітеді, ол 
сымның материалына біртектес болуы шарт. Тура осылайша желінің 
қалған сымдарын тартады.
Тіреудегі сымдар тігінен орналасқан кезінде салбырлау жебесін 
жоғары сымнан, ал көлдеңен орналасқан кезінде – ортаңғысынан бастап 
орнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет