Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет222/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

13.7.
 
Кернеу трансформаторларын құрастыру
Кернеу трансформаторларын құрастыру кезінде келесі талаптарды 
орындау керек: 
трансформаторды екі бұрыштамада орнату кезінде ағызу шүмегіне 
кедергісіз қол жетімділікке ие болу үшін алдыңғы бұрыштама қыры 
төмен қаратылуы тиіс; 
май ағызу шүмегі және май деңгейінің көрсеткіші қызмет көрсету 
дәлізіне қарай қаратылуы тиіс. Тыныс саңылаулары бар тығындарда 
төсемелерді алып тастау керек; 
оқшаулағыш бастиектері арасындағы оқшауламалы қашықтық 
(жарықта) және олардың және фаза осьтері арасындағы қашықтық 
жобалық сызбаға сәйкес сақталуы тиіс; 
қалыпты салқындатуды қамтамасыз ету үшін трансформатор 
қаптамалары арасындағы қашықтық кем дегенде 
100
мм (жарықта) болу 
керек; 
НТМК және НТМИ сериялы үш фазалы трансформаторларға ЖК 
шиналар келесі жолмен жалғану керек: сары фаза А шығысына, жасыл 
—В шығысына, қызыл —С шығысына (X шығысы жерге 


523 
тұйықталады); А белгісі бар НОМ сериялы бір фазалы 
трансформатордың ЖК шығысы жоғары кернеулі шиналардың кез 
келгеніне жалғанады (егер үш бір фазалы трансформатор орнатылса, 
онда 
X
белгісі бар бар шығыстар жалпы шинамен жалғанады және 
жерге тұйықталады); 
үш фазалы және бір фазалы кернеу трансформаторларының 
корпустары жерге тұйықтағыш торапқа жеке шиналармен жалғануы 
тиіс. Кернеу трансформаторларының біріншілік және екіншілік 
шығыстарда тұйықталу керек және барлық құрастыру кезеңінде сенімді 
жерге тұйықталу керек. 
Кернеу 
трансформаторларының 
ревизиясы 
тоқ 
трансформаторларының ревизиясына аналогты жүргізіледі. 
Құрастыру алдында трансформаторларды тексеру.
Кернеу 
трансформаторларын 
сырттай 
тексеру 
кезінде 
фарфорлық 
шығыстардың және олардың арматуралануының бүтін екендігін, бак 
және қақпақ арасында немесе шығыстар ернемектері астында май 
ақпаларының жоқ екендігін анықтайды. Сонымен қатар, май деңгейін, 
май көрсеткіш жарамдылығын, паспорттық тақтайшаның болуын
тексереді. 
Кернеу 
трансформаторларының 
электрлік 
сынақтары 
тоқ 
трансформаторларының электрлік сынақтарымен бірдей және орамалар 
оқшауламасының кедергіcін өлшеуде, жоғарғы және төменгі кернеулер 
шығыстарының полярлығын және трансформация коэффициентін 
анықтауда негізделеді. Сонымен қатар, кернеу трансформаторларының 
маймен толтырылған аппараттар болып табылатындықтан, оны 
электрлік беріктікке және химиялық талдамаға сынау үшін май 
сынамаларын алады. 
Кернеу 
трансформаторының 
оқшауламасын 
1000...2500 
В 
есептелген мегаомметрмен тексереді. Осы жағдайда корпусқа қатысты 
және олардың арасындағы жоғары және төмен кернеу орамалары 
оқшауламасының кедергісін өлшейді.
Трансформатор 
оқшауламасына 
қойылатын 
талаптар 
тоқ 
трансформаторының оқшауламасына қойылатын талаптармен бірдей. 
Болат пен орамалардың орамдары арасындағы оқшауламаны жалпы 
бағалау үшін кернеу трансформаторларын өнеркәсіптік жиіліктегі 
тоқпен сынайды, номиналды кернеу кезінде және номиналдыдан 1,3 есе 
үлкен кернеу кезінде бос жүріс тоғын өлшейді. Кернеу екінші орамаға 
беріледі. Трансформаторды жоғары кернеу астында 1 минут ұстайды. 
Алынған мәндерді зауыттық сынақтар деректерімен немесе аналогты 
кернеу трансформаторларын сынау кезінде тіркелген тәжірибелік 
деректермен салыстырады. 
Қанағаттандырмайтын өлшеу нәтижелері кезінде орамаларды 90 °С 
аспайтын ауа температурасы кезінде жылу-ауа үрлегішпен немесе 
тоқпен кептіреді. Осы жағдайда біріншілік орамаға келтірілетін 
кернеуді келесі шартпен таңдап алады, екіншілік ораманың қысқа 
тұйықталған тізбегі кептірілетін трансформатор үшін ұзақ рұқсат 


524 
етілетін тоқтың 80.85 % құрайтын тоқпен жылыстау керек. Екіншілік 
орамадағы тоқ күшін амперметрмен бақылайды. Кептіру кезінде кернеу 
трансформаторларының шығыстары өзара тұйықталып, жерге 
тұйықталу керек. 
Шығыстар полярлығын тоқ трансформаторлары шығыстарының 
полярлығын тексеру тәртібіне аналогты тексереді. Тұрақты тоқты 
жоғары кернеулі орамаға келтіреді, ал гальванометрді төмен кернеулі 
орамаға қосады. Үш фазалы кернеу трансформаторлары орамаларының 
полярлығын тексеру үшін ЖК қысқыштарға бірізді жалғайды — А 
және В, 
В
және С, 
С
және 
А
, ал өлшеу аспабын сәйкесінше ТК 
қысқыштарға жалғайды — 
а
және б, 
б
және с, 
с
және 
а,
барлық үш 
жағдайда аспап сілтемесі оңға ауытқу керек, бұл таңбаламаның 
дұрыстығы туралы куәландырады. Өзге жағдайда қысқыштардаң 
таңбалау керек. 
Кернеу трансформаторларын орнату.
Құрастыру үш операцияны 
қамтиды: 
тіректі құрылымды орнату; 
кернеу трансформаторын жұмыс орнына көтеру және орнату; 
жерге тұйықтауды жалғау. 
Кернеу трансформаторларына арналған тіректі құрылымдар әр түрлі 
орындалуы мүмкін. Трансформаторларды оқшаулағыштан емес, 
қаптамадан блокпен немесе аспамен қолмен көтереді. Орнату кезінде
біріншілік тізбек (ЖК) қысқыштары тұйықталып, жерге тұйықталу 
керек, ал екіншілік тізбек (ТК) сымдары ажыратылу керек, себебі 
оларға жарықтандырғыш немесе күштік желінің сымдары жалғанған 
кезде трансформатордың біріншілік орамасының шығыстарында 
жоғары кернеу пайда болады. 
Кернеу трансформаторларының екіншілік орамаларын екіншілік 
тізбектер өткізгіштеріне тек барлық құрастыру жұмыстары аяқталған 
кезде, яғни баптау жұмыстарын бастар алдында және тарату 
құрылғысының 
орынжайынан 
құрастыру 
қызметкерлері 
шығарылғаннан кейін жалғайды. Бұл кері трансформация нәтижесінде 
тарату құрылғысының шиналарына жоғары кернеудің кездейсоқ 
берілуіне жол бермеу үшін қажет. Аппараттарды май ағызатын шүмек 
және май деңгейінің көрсеткіші қызмет көрсету дәлізіне қарай 
қарайтындай орнату керек. 
Үш фазалы кернеу трансформаторларын орнатқан кезде, оларға 
шиналарды жалғау кезінде фазалар реттілігінің жалпы тәртібін сақтау
керек екендігін ескеру керек. Бір фазалы трансформаторларда
X
таңбаламасымен белгіленген шығысты жерге тұйықтайды. Егер үш бір 
фазалы трансформатор орнатылса, барлық 
X
шығыстарын ортақ 
шинамен байланыстырады және жерге тұйықтайды. 
Екі кернеу трансформаторын орнатқан кезде және оларды ашық 
үшбұрышқа жалғаған кезде, егер жобамен қарастырылса, ТК жұмыс 
фазасын жерге тұйықтайды. Әр трансформатор корпусын жерге 
тұйықтау құрылғысына жеке шинамен жалғайды.


525 
Трансформаторды кернеу астында қосу алдында май құйылатын саңылау 
бұрандасы астына салынған картон тығырықты алып шығарады, осылайша 
жұмыс кезінде трансформатордың еркін «тыныс алу» мүмкіндігі қамтамасыз 
етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет