МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ НУО КАЗАХСТАНСКО РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ жұптарынан үш стандартты тармақ, үш күшейтілген бірполюсті және кеудедегі алты
бірполюсті тармақтар пайда болады.
Әрбір тармақ - жүректің электр осінің проекциялары болып табылады.
Стандартты тармақтар: екі полюсті тармақтар болып келеді, оң қол мен сол қол, оң
және сол аяқтарға электродтар жалғанады. Кардиографтың стандартты кабелі мынадай
түстермен ажыратылады: қызыл, сары, жасыл және қара (оң қолға – қызыл, сол қолға –
сары, сол аяққа – жасыл, оң аяққа – қара электрод жалғанады).
Кардиограмманың элементтері. Миокардада қозу толқындарының тізбектеле таралуы ЭКГ-ның сипаттық
элементтерінің түзілуіне әкеледі. ЭКГ – жүректе қозған ұлпаның бетінде пайда болған
тербелістердің потенциалдар айырымын жазу болып табылады. ЭКГ жүрек
бұлшықеттеріндегі қозудың туындауы мен таралу үрдістерін бейнелейді. Эйнтховен –
голланд физиологы – кардиограмманы тіркеуді ұсынған ғалым (Нобель сыйлығы -
1924ж.)
1-сурет
Стандартты тармақтар ЭКГ-ның уақытша сипатаммаларын бағалау үшін, синусты
ритмді алу үшін, миокардада қозу өткендегі патологиялық үрдістерді анықтау үшін
қызмет етеді. Кардиографиялық қисықта алынатындарға мыналар жатады: тістер,
сегменттер, интервалдар.
Тармақтар арқылы PQRST (кейде U) тістерден тұратын ЭКГ тіркеледі. Қалыпты
жағдайда жүректің электр осі оңнан солға, жоғарыдан төмен қарай бағытталады,
бұрышы +20
0
---+70
0
тең. Бұл жүректің нормограмма деп аталады.
Қалыпты жағдайда электр импульстары синоартериальды түйіндер деп аталатын
жүрек жанында орналасқан жасушалардың кішігірім топтарында автоматты түрде
генерацияланады, сол себептен жүректің қалыпты ритмін синусты деп атайды. Электр
импульсі синустық түйінде пайда болып, қалқаншадан өтіп ЭКГ-да Р тісі пайда
болады. Содан кейін импульс Р тісі мен кешен арасыннан өтіп, қарыншаларға
таралады. Р тісінің басынан Q тісіне дейінгі арақашықтықты PQ интервалы деп атайды
және ол қалыпты жағдайда 0,12-0,2 сек. тең. Импульс жүректің өткзігіштік жүйесімен