Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет16/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
38. Силл - Молекулалык биология

Белоктардың 
құрамы 
жəне 
құрылысы. 
Белок молекуласындағы а-
аминқышқылдары қалдықтарының саны əр түрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін 
жетеді. Əр белокта а-аминқышқылдары тек осы белокқа ғана тəн ретімен орналасады. 
Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. 
Жұмыртқа белогының молекулалық массасы - 36000 
Бұлшық ет белогының молекулалық массасы - 150000 
Адам гемоглобинінің молекулалық массасы - 67000 
Белоктар, негізінен, көміртек (50-55%), оттек (20-24%), азот (15-19%), сутектен (6-
7%) тұрады. Кейбір белоктардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. 
Белоктар гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Əрбір организмнің 
өзіне тəн белоктары бар. Барлық белоктар 20-дан астам əр түрлі а-аминқышқылынан 
құралады. 
Белоктардың бірінші реттік құрылымы.
дегеніміз полипептидтік тізбектегі 
аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тəртіппен бірінен кейін бірінің орналасуы. 
Белокты құрайтын жүздеген, мыңдаған, миллиондаған а-аминқышқылдарының 
қалдықтары өзара пептидтік байланыс. 
Екінші реттік құрылым 
белоктардың көбінің кеңістікте спираль тəрізді 
орналасуы. Бұл құрылым, негізінен, спираль оралымдарында орналасқан — CO...HN— 
арасындағы сутектік байланыстар арқылы іске асады. 
Шиыршықтың бір орамында 3 жəне 5 аминқышқылдарының қалдықтары болады. 
Оралымдардың арақашықтығы 0,54 нм шамасында. 
Үшінші реттікқұрылым.
Белоктық 
оралма тектес молекуласы биологиялық процестердің əсерінен, молекула арасындағы 
сутектік байланыс, —S—S— дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше жəне бүйір 
тізбектегі анион мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара 
байланысуы нəтижесінде түзіледі. Бұл кезде оралма құндақталып, шумаққа 
айналады.Үшінші реттік құрылым белоктың өзіне тəн қасиеттері мен белсенділігіне жауап 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет