Онтогенетикалық даму кезінде ұрық әр түрлi факторлар әсерiне өте сезiмтал келеді. Оны
онтогенездiң қауiптi (қатерлі) кезеңдерi деп, ал оған зиян келтiретiн факторларды тератогендi
факторлар деп атайды. Қатерлі кезеңдерді зерттеуде П.Г. Светлов, дифференциация,
детерминация кезеңдері онтогенездің қатерлі кезеңдеріне сәйкес келетіндігін көрсетті. Қауіпті
кезеңдер әртүрлі мүшелердің дамуының бір-бірімен уақыты бойынша сәйкес келмеуі мүмкін.
Ұрықтың дамуының бұзылу себебі, сол уақытта әсер ететін факторлардың әсеріне
сезімталдылығы жоғары болуы мүмкін. Сондықтанда қалыптасып біткен мүшеге қарағанда,
қалыптасып жатқан мүше патогендік факторлар әсеріне сезімталдылығы жоғары болады.
Сондықтанда әртүрлі факторлар бiрдей патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкiн. Әрбір
мүшенің өзіне тән қауіпті кезеңдері болады. Әртүрлі мүшелердің зақымдаушы әсерлерге
сезімталдылығы эмбриогенездің кезеңдеріне байланысты болады. Адамның антенатальды
онтогенезінің үш қауіпті кезеңдерін ажыратады:
Имплантация
- бұл ұрықтанғаннан кейiнгі 6-7 тәулiк немесе жүктіліктің бірінші апта
соңында және екінші апта басында ұрықтың жатырдың кiлегей қабатына енуi. Бұл кезде
ұрықтанған жұмыртқаның 50-70% тұқым қуалайтын күрделі ақаулықтардың дамуы
салдарынан ұрық дамымай өздігінен түсік түседі не өлі туылады.
Плацентация
– жүктіліктің үшініші мен алтынша апта аралығында плацентаның түзiлуi,
ұрықтанғанан кейiнгі 14-15 тәулiк. Туылу – жүктіліктің 39-40- апталары.
Тератогенез
– зиянды орта факторларының (радиация, химиялық қосылыстар, дәрілік препараттар,
инфекциялар ) әсерінен ұрықта даму ақаулықтарының пайда болуы. Тератогенездің негізгі үш
шарты бар:
1. Бір типті тератогендер дамуыдың әртүрлі мерзімінде әртүрлі аномалиялар тудырады.
2. Әртүрлі тератогендер бiрдей паталогиялық өзгерістер тудыруы мүмкiн
3. Аномалиялар типтері тератогендердің әсер ету кезеңдері мен ұрықтың даму сатыларына
тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: