Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырлмк, философия



Pdf көрінісі
бет111/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

128
III тарау. Ортагасырлмк, философия
мазмұны да сэйкес келеді. Мұнда да өмір мен өлім, мэңгі жойылмайтын өмір 
туралы адамдардың іс-әрекеті, ізденістері бар. Шумер-аккадтықтардың эпосьщ 
зерттеуші И.М. Дьяконовтың жазуынша: «Бұл проблема ежелгі Шығыс әдебиетін- 
де бұрыннан үлкен орын алып келген»31.
«Оғыз» эпосында Қорқыттың барлық қызметі оғыз тайпаларының ортақ 
мақсат-мүдделерімен байланысты. Оның жатса-тұрса ойлайтыны - Құдайға қүл- 
шылық жолы емес, оғыздардың тағдыры, жырлайтыны - эулие-пайғамбар туралы 
діни сюжеттер емес, оғыз батырларының ерлігі. Қорқыт туралы аңыздарда Қор- 
қыттың асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келе, табиғаттың дүлей күші- 
не қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жавды танытады. Қорқыт - халық 
ұғымынша, болашақты көре білетін сәуегей философ, қобызшы. Қорқыт өмі- 
ріне байланысты тараған аңыздарда ұлы күйшінің барлық өмірі күй шығаруға 
арналғандығы айтылады. Ол өзінің астындағы жалғыз түйесін сойып, терісін қо- 
бызына шанақ етіпті дейтін сөз бар.
ІХ-Х ғасырларда Орта Азиядағы мәдени оянуға Қорқыттың күйшілік дәстү- 
рінің әсері өте үлкен болды. Қазақ халқы үшін оның эпостық жырлары мен му- 
зыкасы теңдесі жоқ жаңалық болды. Философиялық терең мағынасы бар, бүкіл 
түркі халықтарына ортақ мұралардың бірі «Қорқыт ата кітабы» болып табылады. 
Бұл кітап жөнінде ксйбір мағлұматтарға қарасақ, жырдың айтушысы - Қорқыт- 
тың өзі, тек соны оғыз халқына оның немерелері жырлап беретін болған. Әрбір 
қисыны аяқталған соң жырау: «Бұл жырды менің атам айтып, сөзін құраған еді», 
- деп отырады. Сол себепті жырға «Менің атам Қорқыггың оғыз тайпасының ұлы 
тіліндс жазылған кітабы» деген ат берілген. Яғни мұндағы «дед» (дяд, дада) - ко­
не сақгар сөзі, түріктер «ата» деп кеткен.
«Қорқыт ата кітабы» өзінің тарихилығы, сюжеті, образдарының саралы- 
ғы, суреттсйтін өмір түрғысы, салт-сана көрінісі жағынан қазақтың батырлық 
жырларына өте жақын. Сондай-ақ «Қорқыт ата кітабында» исламнан бұрынғы 
мифология көріністері елеулі орын алды. Мысалы, Аруз батырдың қойшысы 
мен пері қызынан Төбекөз дэу туады. Арузды жау қолында өскен қызының үлы 
Бисат өлтіреді. Сол Бисатгы жасында таудағы арыстан асырайды. Бұқаш батыр- 
дың өгізді жеңуі, Домрулдың Әзірейілмен соғысуы да ерте замандардан бар ми- 
фологиялық аңыздар. Бұл сарын «Оғызнамадан» бері келе жатқан Жетісу, Алтай, 
Қыпшақ, Оғыз тайпаларының патриархат дэуірінде туған жаңа тотемдері болатын 
(арыстан, айдаһар, т.б.). Бұқаш батыр тұсында сол тотем ақиқи батырлар культіне 
айнала бастаған. Осы белгілеріне қарап, біз бүл жырды Батысқа емес, Шығысқа 
тэн сюжет дейміз. Жырдағы көшпенді өмір суреттері, ерлік, аталар культі ғана 
емес, шаманизм, поэтикалық өрнектері де қазақ ұғымына өте жақын.
В. Бартольд, В. Жирмунский, X. Көрұлы «Қорқыт ата кітабында» ертедегі 
көшпенді тайпаларға тэн мифология, аңыз шежірелерінің элементтері аралас жүр 
десе, біз жырдың Кавказ немесе Сыр бойында туғанын ондағы тотемизм, шама­
низм сарындарына қарап анықтаймыз.
Қорқыт ата жырларында көшпенді тайпаларға тэн, табиғат қүбылыстарына, 
яғни жылан, қасқыр, су, тау, ормандарға сыйыну болған. Әр нәрсенің өз иесі бар
31 Дьяконов Н.М. Эпос о Гильгамеше. - М.-Л., 1961.- С . 127-128.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет