Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Ирония мен сарказмның айырмасын анықтаңдар



Pdf көрінісі
бет28/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

7. Ирония мен сарказмның айырмасын анықтаңдар. 
A) Иронияда әшкерелеу қатты, ашық әрі қатаң түрде, ал сарказм зілсіз 
болады.
B) Иронияда қиял-ғажайып қолданылады, ал сарказмда шындық бар. 
С) Ирония мен сарказм бір нәрсе, айырмасы жоқ. 
D) Ирония зілсіз, іш тарта әжуалайды, ал сарказм ашық түрде және 
қатты әшкерелейді. 
E) Ирония мысқылдау, сарказм қағыту арқылы жасалады. 
8. Алдар көсе туралы әңгімелерде қайсысы басым, ирония ма, әлде сар
-
казм ба? 
A) Алдар көсе туралы әңгімелердің жанры басқа 
B) Ирония 
C) Сарказм 
D) Ертегі жанры 
E) Аңыз 
9. Сарказм дегеннің қазақша атауы қалай? Ол жеке жанрға жата ма? 
A) Шендестіру. Жеке жанр емес 
B) Мысқыл, жеке жанр 
C) Мысқыл, жеке жанр емес 


104
D) Ұлғайту, жеке жанр емес 
E) Әжуа, жеке жанр 
10. Баққожа Мұқайдың «Жалғыз жолаушы» шығармасындағы кейіп
-
кердің прототипі кім? 
A) Мұса Байларов 
B) Мергенбай банды 
C) Жазушының өзі 
D) Алдияр Ақпанұлы 
E) Аяған Қуатұлы 
Артық болмас білгенің
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ»
Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған 
«Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіш орнатылды. Өнер туындысында символдық 
мән бар. Негізі, ескерткіш үш бөліктен тұрады. Оның екі бөлігі – қызыл және 
ақ граниттен жасалған пилондар. Қызыл пилон халықтың өткені мен болашақ
-
қа ұмтылуының арасындағы халық санасындағы сілкіністі білдіреді. Ал екіншісі 
мемлекеттің тәуелсіздігі мен бостандықтың салтанат құруын меңзейді. 
Сондай-ақ, композицияға ұшуға талпынған әйелдің мүсіні енгізілген. Ол оң 
қолына татулыққа шақыруды білдіретін нышан – орамал ұстаған. Ал сол қолына 
бостандыққа талпынысты ұшу белгісін білдіретін қанатын жайған құсты ұстаған. 
Ескерткіштің үшінші бөлігі – оюлы панно. 
Ескерткіштің жобасын жасаған – белгілі сәулетші, дизайнер Тимур Сүлейменов. 
«Тәуелсіздік таңы» ескерткіші


105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет