104
D) Ұлғайту, жеке жанр емес
E) Әжуа, жеке жанр
10. Баққожа Мұқайдың «Жалғыз жолаушы» шығармасындағы кейіп
-
кердің прототипі кім?
A)
Мұса Байларов
B) Мергенбай банды
C) Жазушының өзі
D)
Алдияр Ақпанұлы
E) Аяған Қуатұлы
Артық болмас білгенің
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ»
Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісінің 20
жылдығына арналған
«Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіш орнатылды. Өнер туындысында символдық
мән бар. Негізі, ескерткіш үш бөліктен тұрады. Оның екі бөлігі – қызыл және
ақ граниттен жасалған пилондар. Қызыл пилон халықтың өткені мен болашақ
-
қа ұмтылуының арасындағы халық санасындағы сілкіністі білдіреді. Ал екіншісі
мемлекеттің тәуелсіздігі мен бостандықтың салтанат құруын меңзейді.
Сондай-ақ, композицияға ұшуға талпынған әйелдің мүсіні енгізілген. Ол оң
қолына татулыққа шақыруды білдіретін нышан – орамал ұстаған. Ал сол қолына
бостандыққа талпынысты ұшу белгісін білдіретін қанатын жайған құсты ұстаған.
Ескерткіштің үшінші бөлігі – оюлы панно.
Ескерткіштің жобасын жасаған – белгілі сәулетші, дизайнер Тимур Сүлейменов.
«Тәуелсіздік таңы» ескерткіші