11
Сурет 1-3
. Аса жетілмей туылған нәресте
Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының нұсқауы бойынша, өмір сүруге
қабілетті деп, жүктіліктің 22-ші аптасынан немесе 500 г және одан жоғары
салмақпен туған нәресте есептеледі (1-3 сурет).
Жүктіліктің II-триместірінің аяғында ұрықтың салмағы шамамен 1000
г, бой ұзындығы – 35 см шамасында. Соңғы триместр ұрық салмағының
айтарлықтай жоғарылауымен, теріасты май-шел
қабатының және бұлшық
ет дамуымен сипатталады.
Ұрықтық кезеңнің қалыпты ағысының бұзылысы плацента немесе
кіндік өзегінің инфекциясы, жарақаты немесе радиациялық әсері,
иммундық
бұзылыстары, жүкті әйелдің тиімсіз және жеткіліксіз
тамақтануы әсерінен дамыған гипоксия болуы мүмкін. Бұл кезеңде
ұрықтың дамуы плацента жағдайына айтарлықтай тәуелді. Әр-түрлі
зақымдалуда плацента бактерияларға, вирустарға және басқа инфекциялық
агенттерге өткізгіштігі жоғарылап, ұрықтың
ауыруына немесе уақытынан
бұрын тууына әкеледі. Осы және басқа патогендік факторлар ұрықтың
құрсақішілік дамуын тежейді, тіндер сарапталуын және олардың
функциясының
жетілуін тежейді, ағзаларда дистрофиялық және қабыну
өзгерістерін тудырады. Кальцийдін, темірдін және Ig-нің негізгі көлемі
ұрыққа жүктіліктің соңғы триместірінде түседі, сондықтан жетілмей туған
баланың микронутриенттерге қажеттілігі
және инфекцияға бейімділігі
жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: