12
(дисплазия)
жасушалардың
тінде
орналасуының
өзгерісінен
морфологиялық ақаулары туындайды.
Залалды факторлар әсерінің мерзіміне байланысты гаметопатиялар
(ата-анасының жыныс жасушаларындағы мутация және ұрықтық
жасушалар
мен
сперматозоидтардағы
тұқымқуалаушы
өзгерістер),
бластопатиялар (ұрықтанудан кейінгі алғашқы 15 күнде
ұрықтың
зақымдалуы:
ұрықтың
өлуі,
қосақталған
ақаулар
және
т.б.),
эмбриопатиялар (жеке және көптеген даму ақаулары), фетопатиялар
(ағзалар дистопиясы мен гипоплазиясы түріндегі ақаулар) ерекшеленеді.
Ұрықтың әртүрлі ағзалар дамуына күйзеліс кезеңіндегі әсер етуші
қоршаған ортаның залалды факторларынан (ұрық гипоксиясы, жүктіліктің
басқы кезеңдеріндегі вирустық инфекциялар - 1-3 кесте)
туындаған
ақаулар тұқым қуаламайды (1-4, 1-5, 1-5а сурет).
Кесте 1-3.
Құрсақішілік инфекциялардан пайда болатын даму ақаулары
Қоздырғыш
Даму ақауларының тән белгілері
Қызамық вирусы
Грегг
триадасы:
көз
(катаракта,
микрофтальмия, глаукома), жүрек ақаулары
(артериалдық
ашықтық
ақауы,
өкпе
артериясы мен қолқа стенозы,
перде аралық
ақауы), саңыраулық
Цитомегаловирус
Микроцефалия,
перивентрикулярлы
жылауықтар, микрогирия, өт жолдары
атрезиясы, бүйрек поликистозы, жүрек
ақаулары
(перде
аралық,
магистральді
қантамырлар ақаулары)
І
және ІІ типті қарапайым
герпес
Микроцефалия,
микрофтальмия,
ретинопатия, тері тыртықтары
Аденовирус, грипп және
парагрипп
вирустары,
респираторлы-
синцитиальды вирус
Нақты ақаулар жоқ
Коксаки
және
ЕСНО
вирустары
Жүрек ақаулары (Фалло тетрадасы,
аорта
және
үшжаппалы
қақпаша
атрезиясы,
фиброэластоз),
бүйрек
паренхимасының
дисплазиясы
Гепатит В вирусы
Өт жолдары атрезиясы
Токсоплазмоз
Гидроцефалия, микроцефалия, колобома,
микрофтальмия