Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет205/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

300 
Іш қату 
Іш қату себептеріне ішектегі механикалық кедергілер, ішектің 
кеңейген немесе ұзарған бөліктерінде нәжістің жиналып қалуы, ішек 
парезі, перистальтикасының әлсізденуі, дефекация актісінің бұзылысы 
жатады. 

Спастикалық іштің қатуы ішек іргесінің тегіс бұлшық етінің 
спазмынан дамиды, олардың себебі тоқ ішек аурулары (колит, тоқ 
ішектің тітіркену синдромы); басқа ағзалардың ауруларындағы 
висцералды-висцералдық 
рефлекстерінде 
(ойық 
жара 
ауруы, 
холецистит); анальді сфинктерінің тонусын жоғарылататын тік ішек 
аурулары (анальді тесік жарығы және т.б.); психогендік факторлар 
болуы мүмкін. Науқастарда жиі іштің ауырсынуы болады, нәжісі «қой 
құмалағы» тәріздес. 

Атониялық іштің қатуы жеткіліксіз тамақтану және рационалды емес 
тамақтану, гиподинамия, ОЖЖ патологиясы, антацидтік дәрілермен 
емделу кезіндегі тегіс салалы бұлшықет тонусы төмендеуінен пайда 
болады. Тоқ ішек бойының сыздап және керіп ауырсынулар, 
метеоризм тән. 

Ішектің механикалық бітелуінде (даму ақауларында – мегаколон, 
долихосигма; жабыспалы ауруда; ісіктерде және т.б.) интоксикация, 
жалпы 
жағдайының 
нашарлауы, 
ішек 
перистальтикасының 
қарқындауы пайда болады. 
Сәби балалардың іш қатуына бейімділін ішектің салыстырмалы 
ұзындығымен түсіндіруге болады. 
Нәжіс өзгерісі 
Нәжіс өзгерісі әртүрлі аурулар диагностикасында өте маңызды (кесте 
9-7 - 9-9). 

Қара нәжіс (мелена) – анальді тесіктен қоңыр түсті қан шығуы, өңеш 
және асқазан қанағуында байқалады. 

Нәжіспен алқызыл түсті нәжіс бөлінуі, тоқ ішектің терминалды 
бөлігінен қанағуында байқалады.
Іш қалпының өзгерісі 
Іштің біркелкі томпаюы семіздікте, метеоризмде, асцитте (жиі 
кіндіктің сыртқа шығуымен қосақталады) пайда болады; біркелкі емес – іш 
қуысы ағзалардың ұлғаюынан (бауыр, көкбауыр және т.б.) немесе ісіктің 
болуынан. Іштің бұлшық етінің тонусы жоғарылауымен ішке қарай 
тартылуы перитонитте байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет