АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
deposit
balance
import
progress
economy
index
certificate
supermarket
capital
contract
object
advance
presentation
standard
credit
bank
action
default
brand
consulting
holding
audit
industry
депозит
баланс
импорт
прогресс
экономика
индекс
сертификат
супермаркет
капитал
контракт
объект
аванс
презентация
стандарт
кредит
банк
акция
дефольт
бренд
консалтинг
холдинг
аудит
индустрия
ХХІ ғ. – жаһандану ғасыры.
Әлем елдерінің экономика, білім, ғылым,
мәдениет, сауда-саттық, туризм, т.б. салалар бойынша ашық интеграцияға түсуі
қазақ тілінің лексикасына көптеген ағылшын сөздерін ала келді.
Ағылшын
тілі бүгінгі үшінші мыңжылдықта халықаралық мәртебеге ие, қолданысы кең,
ауқымды тіл. Дүниежүзінде ағылшын тілін қолданатын ең негізгі мемлекеттерге
Англия мен Америка Құрама Штаттарын жатқызамыз. Бұл тіл, сонымен қатар,
Батыс Еуропа елдерінің көпшілігінде, атап айтсақ, Франция, Германия, Испания,
Италия елдерінде, Үндістанда, Латын Америкасы елдері мен Жапонияда, мұхит
асып, Ресей мен Орталық Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да дамып
келеді. Ағылшын тілінің лексикалық қуатының географиялық тұрғыдан мықты
екендігі түсінікті. Себебі, ағылшын тілінің қожайындары –
Англия мен АҚШ
әлемде дамыған елдер саналады. Қазақстан өз дамуында көп векторлы саясат
ұстана отырып, тәуелсіздік алғалы бері аталмыш елдермен тығыз дипломатиялық
қарым-қатынас орнатты. Саяси-экономикалық
байланыстардың қарқынды да-
муы тілдік қорымызға ағылшын тілінен мынадай сөздер мен сөз тіркестерінің
енуіне себепкер болды: budget – бюджет, national bank – ұлттық банк, financial
analysis – қаржылық талдау, balance sheet – қаржылық есептеу, boss – бастық,
қожайын, real capital – нақты капитал, bank audit – банктік аудит, public auction
126