Досжан Г.А. Түркі тілдеріндегі ағылшын бизнес лексемаларының... қоғамның саяси-әлеуметтік жағдайы, оқу-ағарту ісі мен жалпы мәдениетінің да-
муы, шаруашылық-экономикалық құрылысының даму дәрежесі, дүниежүзілік
ғылыми-техникалық төңкерістерге ілесіп отыру, ғылым салаларының пайда бо-
луы, ол салаларды оқыту мен зерттеу жұмыстарының қолға алынуы – осылардың
баршасы лексикалық қазынаның термин деп аталатын ерекше қорын дүниеге
келтіреді» [2, 129 б.].
Терминдердің лексикалық сипатына үңілсек, олардың да тілімізге белгілі
бір ғылым саласы бойынша енген кірме сөз болып табылатынын мойындай-
мыз. Кірме сөз дейтін себебіміз, олар тілімізге өзге тілден кіріп тұр. Мәселен,
медицинадағы вирус, антибиотик, препарат, кардиология, скальпель, никотин,
гемаглобин, т.б. сөздер термин сөздер болып саналады. Олардың кейбіреуін
бүгінде қазақшалап та жүрміз. Себеп түсінікті. Қазақ тілінің ұлттық төл тілін жа-
сау үшін терминдерді реті келсе, орайы табылып, мағынасын дөп тауып жатса,
қазақшалағанның айыбы жоқ. Ал, қазақшалаймыз деп, мағынасын одан сайын
күрделендіріп, не сөздің мәнін ауыстырып жіберетін болсақ, онда терминді – бір,
тілімізді – екі бүлдіргенмен бірдей.
«Тәуелсіздіктен қанаттанған ұлттық терминологиямыз бұл күнде, сөз жоқ,
өрлеу дәуірін бастан кешіп отыр десек артық айтқандық емес. Соңғы екі-үш
жылдың көлемінде ғана түрлі салалардың 700-ге тарта терминдері бекітілді,
дипломатия, экономика, медицина, авиация және т.б. салалардың терминдері
жеке кітап болып жарыққа шықты» [3, 4 б.].
Кеңес дәуіріндегі енген сөздердің басым көпшілігі ғылым мен техниканың,
мәдениет пен әдебиеттің сан алуан салаларына байланысты енген терминдер,
кеңестік өмір шындығынан туған сөздер. Мысалы: совет, ферма, бригадир,
атом, станок, комсомол, роман, повесть, поэма. Орыс тілінен түркі тілдеріне,
соның ішінде қазақ тіліне ертеректе еніп қалыптасқан сөздердің сіңісіп кеткені
соншалық, олардың басқа тілдік сөздер екені бірден аңғарылмайды да. Мыса-
лы: доға, жәшік, бишік, бәтеңке, самауыр, бөтелке, жәрмеңке, сот, түрме, барқыт.
Осы сияқты түркі тілдерінен де орыс тіліне бірсыпыра сөздер ауысқан. Ауыса
отырып, төл дыбыстарымызбен айтылу дәрежесіне дейін жеткен.
Қазіргі қазақ терминологиясы өзінің даму, қалыптасу тарихында
бірнеше кезеңдерден өтті. Ол кезеңдердің әрқайсысы қоғамымыздың саяси-
экономикалық, тарихи-мәдени өмірінде болған өзгерістермен тығыз байланы-
сты. Қоғам өмірінде болған ондай өзгерістер терминологиялық лексиканың
қалыптасуына тікелей әсер етті. Аяқталған ғасырдың тоқсаныншы жылдары-
нан бастап қазақ терминологиясының тағы бір жаңа кезеңі басталды. Бұл кезең
еліміздің тәуелсіздігін жариялап, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуымен
байланысты.
Термин сөздердің көп бөлігі жеке сөздерден құралады. Себебі, қандай да бір
құбылыс пен заттың атауын бір сөзбен беріп, мағынасын ашып көрсету – тер-
минге тән қасиет. Ал, сөз тіркесімен, не күрделі сөздермен берілетін терминдер
көп жағдайда құлаққа тосын естіледі, қоғамдық қабылдауға ие болмайды. Кейбір
терминдердің өзі сөз тіркесінен тұрады.
123