Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет119/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
енді ғана арылып келе жатқанын ескерсек, бізге кірме сөздердің енуінің негізгі 
көзі әлі біраз уақытқа дейін орыс тілі болып қала беретіндігі дәлелдеуді қажет 
етпейді. 
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 
институтының аға оқытушысы Болат Аяпбергеновтің «Қазақстан 
Республикасындағы маркетингтік коммуникациядағы мемлекеттік тілді 
қалыптастырудың қазіргі жағдайы» деп аталатын мақаласында ағылшын тілінің 
мемлекеттік тілімізге ықпалы жөнінде мынадай ой айтады: «Қазіргі таңда 
бүкіл әлем ағылшын тілінде сөйлеуге тырысады. Ағылшын тілі халықаралық 
тіл болып табылатындықтан, ол тек саясат пен дипломатияда ғана емес, со-
нымен қатар, іскерлік, бизнес, туризм және спорт салаларында да кеңінен 
қолданылады. Әлемдегі көптеген қонақ үйлердегі ақпараттық хабарландырулар 
мен жарнамалар сол елдердің мемлекеттік тілдерімен қоса ағылшын тілінде де 
беріліп келеді». Автордың ағылшын тілінің ғаламдық қуатына қатысты айтқан 
пікіріне қосарымыз, біздің ана тіліміздің коммуникативтік, ғылыми және әдеби 
қызметімен қатар, сөз қабылдай алушылық, кірме сөздер мен халықаралық 
сөздерді сіңіріп, төл сөз дәрежесіне дейін жеткізе алатын қабілетінің әлемдік 
тілдердің ешқайсысынан кем түспейтіндігін, тіпті реті келсе, оларды өз тілімізге 
аударып немесе аудармай-ақ өздік етіп алуымызға лексикалық мүмкіндігі зор 
екендігін баса айтқымыз келеді. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Хасенов Ә. Тіл білімі. – Алматы: Санат, 1996. – 104 б.
2. Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. – Астана: Елорда, 2002. 
– 129 б. 
3. Рахимова Ж., Қадыров Д. Терминология: теория және тәжірибе. Жинақ. – 
Астана: Ақмола полиграфия, 2001. – 4 б. 
4. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991. – 350-351 бб. 
5. Досмұхамедұлы Х. Тілдің қорықшысы қара халық // «Тіл және қоғам» жур-
налы. – Астана, 2005. – 131 б. 
6. Қалиев Б. Қазақ терминдерін жасау мен реттеудің және оны қалыптастырудың 
кейбір мәселелері // «Терминология: теория және тәжірибе». Жинақ. – Аста-
на: Ақмола полиграфия, 2001. – 46 б.
128




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет