ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Көркем аударманың кейбір мәселелері. – Алматы: Қазмемкөркәдеббаспасы,
1957. – 170 б.
2. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232 б.
143
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Ұ. ЖОЛДАСОВА, А. СЫДЫҚБАЕВА
МАҒЖАН ПРОЗАСЫНДАҒЫ СИМВОЛИЗМ
В статье рассматривается понятие «проза акына» на основе целостнoй художе
-
ственной системы поэзии и прозы М.Жумабаева, a также художественное продол
-
жение темы «символ акын прозы»
Bu makale, nazım ve nesrіn bіr bütünlüğü içerіsіnde oluşan «şaіrіn nesіr dіlі»
gіbі edebі usulun ayrıntılarі, Mağjan Jumabayev şііrі ve hіkayelerіndekі edebі sіstem
genelinde sembolіzm özellikleri hakkındadır.
The nature of composition phenomenon as poet´s prose formed by the unity of poetry
and prose of Magzhan Zhumabaev is presented in the article as a total fiction system.
Әдебиеттану ғылымында жанрлар арасындағы айырым белгілерден гөрі ортақ
сипат, жалпы заңдылықты, сол арқылы көркем ойдың тұтастығын зерттеу үрдісі
қалыптасқалы біраз болды. Көркем ой мен әдіс-тәсілдің тұтастығынан туған
«ақын прозасы» («проза поэта») зерттеу нысанына алынғалы бері әдебиеттану
ғылымында көркем жүйе, жанрлар синтезі, прозадағы лирикалық стихия
мәселелеріне қатысты тың тұжырымдар айтылып келеді. Әлемдік, сондай-ақ
орыс әдебиетіндегі белгілі ақындардың проза мен поэзиядағы ізденістері екі
жанрдың да көркемдік мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейткеніне үлгі бола ала-
ды. Орыстың атақты ақындарының бірі И. Бродскийдің «Ақынның прозамен
айналысуының оның поэзиясына қаншалықты зиянды екенін білмеймін, алайда
прозаның одан ұтатыны анық» деген пікірінің маңызы зор.
Мағжан прозасы мен поэзиясы – қуатты ақындық бастаудан нәр алатын
біртұтас жүйе. Ақын прозасына дәстүрлі прозалық талаптар тұрғысынан баға
бермек болсақ, Мағжан әңгімесінің табиғаты толық ашылмасы анық. Ақын про-
засын зерттеу оның тек көркемдік қырын ғана емес, ақынның жан әлемін тануға
мүмкіндік бермек. Мағжан прозасын баяу, байыппен, әр сөзге, оның астарына
мән беріп, ой ырғағы мен кідірістерге зер сала оқыған дұрыс. Осылайша ақын
шығармашылығындағы поэтикалық ойдың даму ерекшелігін тануға мүмкіндік
аларымыз хақ.
«Ессіз жүрек тулады, бермеді ырық, Ақыл сорлы ере алмай қалды тұрып»;
«Ессіз жүрек аспанға қол сермеді; ессіз жүрек ақылға жол бермеді» деген жол-
дар романтик ақынның шығармашылығына баға бергенде есте ұстарлық негізгі
сырдың бірі. Шығарма сюжетін оқиғаға емес, жүрек сөзі, сезім мен ой байланы-
сы, оның ішкі қозғалысына құрған Мағжан «Шолпанның күнәсінде» де оқырман
назарын «жас жүректің есалаң тілегіне» аудартады. Әңгімеде де, поэзияда да жиі
144
|