Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Дәуренбекова Л. Түркологияны дамытудағы аударматанудың ықпалы



Pdf көрінісі
бет134/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Дәуренбекова Л. Түркологияны дамытудағы аударматанудың ықпалы
Аталмыш кезеңде еліміздегі белгілі ғалымдар аударма теориясының келелі 
мәселелерін талқылап, ғылыми және публицистикалық еңбектерді жарыққа 
шығара бастады. Ә. Сатыбалдиевтің «Рухани қазына», С. Нұрышевтің «Ау-
дарма туралы», С.Талжановтың «Көркем аударма туралы», З. Тұрарбековтің 
«Қазақ аудармасының теориясы мен практикасы» атты еңбектерінде аударманың 
арнаулы тарихын сөз ете отырып, оның мәдени-әлеуметтік ерекшеліктері 
қарастырылады. Екі бөлімнен тұратын Қ. Нұрмахановтың «Дәстүрлі достық» 
кітабының бірінші бөлімінде 1960-1980 жылдардағы қазақ аудармасының жай-
күйі сөз етіледі. Көркем аудармадағы стиль мәселесіне арналған М. Қаратаевтың 
«Дүниетаным және шеберлік» атты еңбегінде көркем аударманың даму бағытын, 
тіліміз бен әдебиетімізге тигізіп жатқан ықпалы туралы, М. Әлімбаевтің мақал-
мәтелдердің аударылуы жөнінде «Өрнекті сөз – ортақ қазына», қазақ тіліндегі 
аударылған шығармалардағы фразеологизмдердің берілу тәсілі жөнінде Ө. Айт-
баевтың «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» көркем шығармалардың 
аударудағы келелі мәселелерін сөз еткен Т. Әбдірахмановтың «Жаңа ғасыр 
көгінде», Т. Әлімқұловтың «Жемісті жолда», М. Құрмановтың «Алтын арқау» 
еңбектері аударматану ғылымын қалыптастыру ісіне қосылған үлес деп 
атауға лайықты. С.Сейітовтің «Өмір өрнектері», «Әдебиеттер достығы» атты 
зерттеулерінде қазақ әдебиетінің орыс, украина, белорус, түркімен, тәжік, өзбек, 
қарақалпақ әдебиеттерімен байланысы сөз болады. Ал Б. Ысқақовтың «Қазақ-
татар әдеби байланысы» зерттеуінде қазақ-татар халықтарының әдеби байла-
ныстары жан-жақты қарастырылады. Бұл еңбектердің барлығы дерлік түркі 
халықтарының әдебиетіне арналмағандықтан, түркі әдебиетіне қатысты ғылыми 
зерттеулерді, сондай-ақ, аударылған шығармалар жөнінде мәліметтерді бір ізге 
түсіріп, библиографиялық көрсеткіштер құрастырылғаны дұрыс.
Қай кезеңде болсын ұлт пен ұлтты бауырластыруда көркем аударманың 
рөлі айрықша. Аударма - халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін 
де қызмет ететінін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да, кенжелеп қалған әдеби 
байланыс, аударматану мәселелері түркология ғылымы аясында жаңа бағытта 
қарастыруды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет