Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет31/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Олар өзгелерге табынып үйренген
. Әлі де табына бергісі, жалына бергісі, 
жалбарына бергісі келіп тұрады». Ұлтымыздың болашағын ойлап, ертеңгі күніне 
қам жеген қаламгердің осынау сарындағы ой-толғамдары аталған еңбектің тұтас 
мазмұнына бағдар беретін, тартымды, ауқымды ете түсетін алтын өзектей әсер 
тастайды. 
Осының барлығын жазушы орнын тауып, іштей сабақтастыра байланысты-
рып, бүгінгі руханияттың төл туындысы ретінде оқырманға ұсынады. «Ұлыма 
хат» кітабындағы есімдері аталатын ұлы хандарымыз бен батырларымыздың, 
билеріміз бен шешендеріміздің, ақындарымыз бен жырауларымыздың, түркі 
жұртының абыройын әлемге жарқыратып көрсеткен ғұлама ғалымдарымыздың 
ұлттық өркендеу, елдің игілігі үшін жасаған теңдессіз еңбегін солардың 
қаламынан туған туындыларды терең талдай отырып жеткізеді. Сондықтан да 
бұл еңбектің негізгі мазмұны кезінде еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» 
бірнеше санында үзбей жарияланды. 
36


Әбдезұлы Қ. Профессор Немат Келімбетов және қазіргі қазақ руханияты
Қаламгердің кейінгі жылдары жарық көрген «Қариялар» атты эссесінің 
тәрбиелік мәніне, өміртанытушылық, тағылымдық қуатына айрықша назар ауда-
рар едік. Мұндай философиялық-дүниетанымдық ауқымдағы дүниелер бүгінгі 
әдебиетімізде өте сирек десек қателеспейміз. Жазушы Немат Келімбетовтің бұл 
еңбегін өмір сабақтарын кең, ауқымды ой арнасында толғаған туынды деуге 
толық негіз бар. 
Немат Келімбетов бұл кітабында да үлкен-үлкен әлеуметтік, адамгершілік 
талдауларға қол артады. Бүгінгі қоғамдағы адамдар тіршілігіне қаламгер ой 
көзімен үңіле отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді 
таразы басына салады. Адам-пенденің жүріп өтетін өмір жолы тақтайдай тегіс 
емес екендігін айта отырып, осынау ұлы сынақта биік адамгершілік қасиеттерімен 
абырой биігіне көтерілген қазақ қарияларының тағылымды тағдыры, өмірбаяны 
философиялық толғаныстар арқылы оқырман жүрегіне жол табады. Қартаю, 
есеюдің өзі адам баласы үшін өмір тағылымы екендігін Немат Келімбетовтің 
осынау кітабын оқығанда терең түсінесің. 
Елдің береке-бірлігін емес, өзінің жеке басының қамын күйттеген, адамдарға 
жасап жатқан ешқандай жақсылығы жоқ, алайда елге жақсы атты көрінгісі 
келетін, алдынан келсең тістеп, артынан жүрсең тебетін кейбір жасы кел-
ген адамдардың бойындағы кесапат мінездерді әшкерелей отырып, осындай 
шалдардың нағыз болмысын Немат Келімбетов су бетіне шығарады.
Олардың шын мәніндегі тіршілігі, іс-әрекеті қандай? Олардан елге, жастарға 
келетін тағылым, тәрбие бар ма? Осы тұрғыдан пікір бөлісетін қаламгердің ой-
толғамдары бүгінгі өмір шындығынан туындайды. «Менің байқауымша, адамдар 
негізінен екі түрлі болып қартаяды. Бірі – жастау кезінде сырт көзге сыр бермей 
жүрсе де қартая келе мейлінше қатыгез, ызақор, ашушаң болып кетеді. Екіншісі 
– керісінше, егде тартқан шағында бұрынғысынан да мейірімді, қайырымды, 
кеңпейілді, әділ қария болып қазына-адамға айналады. 
Иә, әңгіме дене күші хақында емес, адамның ішкі әлемі, рухани қуаты жай-
ында болып отыр. Ал енді қырсық шалдардың кесапаты ең алдымен төңірегіне 
әсер етеді. Бір қызығы – оларға еш нәрсе ұнамайды. Өз баласының көп білгені де 
ұнамайды. Немересінің сықылдап күлгені де ұнамайды. Жастардың қол ұстасып 
жүргені де ұнамайды. Әдетте мұндай шалдар қойшы жігіт қойына айғайлап өтсе 
де ашуланады. Бау-бақшада бұлбұл құс құйқылжыта сайраса да ашуланады. 
Қасап пышағын қайраққа қайраса да ашуланады. Ал қария атанған адам үшін 
бұл аса қауіпті жәйт дер едім. Өйткені ақсақалдың қоғамдағы ең басты міндеті – 
жастарға көрген-білгеніңді айтып, ақыл-кеңес беріп отыру ғой. Арманым – ант 
мезгілі жетіп, арғы дүниеге аттанғанша ақыл-парасаттан айрылмай, ұрпақтарыма 
ақылды ата, білікті баба бола білу» - деп жазады қаламгер.
Қазақ тарихындағы әр кезеңде жарқырап көрінген, ел игілігіне орасан 
қызмет жасаған жақсылар мен жайсаңдарды, абыздарымыз бен арыстарымызды 
тізбелеп, солардың өмір-тағдырынан там-тұмдап әңгіме өрбіте отырып ойшыл 
қаламгер Н. Келімбетов өз кітабында «шал», «қария», «қарт», «ақсақал» деген 
37




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет