Әбдезұлы Қ. Профессор Немат Келімбетов және қазіргі қазақ руханияты Бұл ғылыми, әдеби-танымдық еңбектердің сыртында қаламгер, жазушы, ау-
дармашы, көсемсөз шебері Н.Келімбетовтің көркем шығармалары да әр жылда-
ры жарық көріп, қалың оқырманның биік бағасына ие болды. Жазушының «Үміт
үзгім келмейді», «Ұлыма хат», «Қариялар», «Күншілдік» атты туындылары да
өз тағылымымен, сондағы сюжетке арқау болған оқиғалар мен адам бойындағы
қасиеттердің биік суреткерлік деңгейде жинақталуымен, тартымды да құнарлы
тілімен оқырман жүрегіне жол тапты.
«Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологындағы тағдыр тауқыметіне ду-
шар болған бас кейіпкердің мұқалмаған ерік-жігері, қайсарлығы, ең бастысы рух
қуатынан айырылмаған азаматтық келбеті, болмыс-бітімі қазақтың қаншама бу-
ынына үлгі, өнеге болатыны айдан анық. Адал еңбегіне сенген, ұлы мақсаттар
жолындағы қиыншылықтардың барлығын жеңе білген бас кейіпкерлер Ержан
мен Гауһардың ерлік пен даналықтың биік тұғырына көтерілгені өмір шындығы
арқылы өріледі. Қиямет-қайым тауқыметтің барлығын жеңіп, әкелік, аналық бо-
рышын адал атқарып өткен жандардың асыл рухы алдыңнан шығады. Рухы биік
адамның қандай биіктерге көтерілетінін суреттейтін осынау хикаят-монолог
оқырман жүрегін шынайы баурайды.
Қаламгер осыдан біраз жыл ғана бұрын аталған хикаят-монологтың
басты идеясын тұғыр етіп алып, соның сюжеттік желісі негізінде «Үміт үзгім
келмейді» атты драмалық туынды жазды. Адамгершілік құндылықтарды ту етіп
көтеретін, қайырымдылық, қанағат, имандылық, мейірім, кешірім сынды адам
бойындағы асыл қасиеттерді тақырып еткен бұл туынды М. Әуезов атындағы
академиялық театрда сәтті қойылды. Драмалық шығарманың көркемдік шешімі
қалың көрерменге терең ой тастайды.
Жалпы, барлық туындыларына өз өмірін, өз тағдырын арқау еткен қаламгер
әрқашанда адамның жақсы, жарқын қасиеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Осы арқылы мынау қамшының сабындай қысқа ғұмырдағы адам тіршілігінің
баға жетпес құндылығына, мағынасы мен мәніне терең талдау жасайды.
Қаламгер өзінің көркем шығармаларында жалпы адамзаттық құндылықтарды
әңгімеге арқау ете отырып, өзіміздің ұлттық мәдениетімізді, өнерімізді,
дәстүрлерімізді де ұмытпауға шақырады. Соның бірі, қазақ оқырманына кеңінен
таныс «Ұлыма хат» атты эсселерінде тағы да бір рет қазақ руханиятының та-
рихына ат басын бұрады. Осынау үш мың жылдық қазақ әдебиетінің, қазақ
мәдениетінің тарихын тарата жазып, ұлы ата-бабаларымыз, қазақтың ұлы ғұлама
ғалымдары мен ақын жыраулары жасап кеткен байтақ мұраның тағылымдық,
тәрбиелік мәніне тереңдейді.
Қаламгердің ұлына қарата айтқан әңгімесінің астарында шын мәніндегі ұлы
тарихымыздың сабақтары алдыңғы қатарға шығады. Бұл дүниелер ең алды-
мен өскелең ұрпақтың рухани сұранысына бағытталып жазылғандығы бірден
аңғарылады. Аталған кітаптағы ғалым-зерттеушінің санамалап отырып мысалға
келтіретін рухани жәдігерліктеріміз осының алдында өзінің бірнеше еңбегінде
жарық көрген қазақ әдебиетінің ежелгі тарихының ұлы мұралары болатын.
35