Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет33/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
дара сипаттағы жаңашыл бағыт ұстанған бірден-бір мектеп қалыптасты десек, 
ол осы Б.Кенжебаевтың ғылыми мектебі екенін ешкім де жоққа шығара алмай-
ды. Кенжебаев мектебіндегі қазақ әдебиеті тарихының арғы дәуірін зерттейтін 
ғалымдардың алдыңғы толқыны Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, 
Н.Келімбетов болса, одан кейінгі толқын өкілі ретінде аталатын бірден-бір тұлға 
өмірден ерте озған талантты ғалым Алма Қыраубаева еді.
Міне, осы топтың ішінде ұстаз идеясын асқақтатып, жаңа биікке көтеруде 
ерекше еңбек сіңірген, зерттеу нысаны, қол жеткізген ғылыми табысы ұстаз 
межесінен де әрі асып кеткен тұлға Немат Келімбетов болды. Ол қазақ әдебиетінің 
тарихы ежелгі дәуірден басталатынын дәлелдеу жолында тынымсыз ізденді, 
тыңғылықты зерттеу жүргізді, қажырлы еңбек етті. Соның нәтижесінде қазақ 
әдебиетінің көп ғасырлық тарихы ежелгі дәуірлерден, тіпті одан арғы ықылым 
замандардан басталатынына ғылыми пайымдаулар жасады. Бұған бүгінде 
жоғары баға алып отырған, қазақ әдебиетінің тарихы, оның ішінде нақтылап 
айтқанда арғы түркілік замандағы және орта ғасырлардағы әдеби жәдігерлерді 
ең басты нысана етіп алған монографиялары мен оқулықтары, жүздеген зерт-
теу мақалалары айқын айғақ бола алады. Бұл орайда «Қазақ әдебиетінің ежелгі 
дәуірі» (1986), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991, 2005), «Ежелгі түркі поэзиясы және 
қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы» (1998), «Қазақ әдебиеті бастаулары» 
(1998), «Көркемдік дәстүр жалғастығы» (2000), «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» 
(2005) тәрізді еңбектерін атасақ та жеткілікті. Аталған зерттеу еңбектердегі 
көтерілген мәселелердің қаншалықты мәнділігі мен қомақтылығы олардың 
тақырыптарынан-ақ байқалады. Мысалы, ғалымның көне дәуір әдебиеті пәні бой-
ынша тұңғыш оқулық болып есептелетін, бірнеше рет өңделіп, толықтырылып 
қайта басылған «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты кітабын алайық. Тарау атта-
ры: «Тәңірлік дәуір әдебиеті», «Ислам дәуірі әдебиеті», «Алтын Орда дәуірі 
әдебиеті», «Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр» деп аталса, әр тараудағы ішкі 
тақырып атаулары төмендегідей: «Сақтардың қаһармандық дастандары», «Алып 
Ер Тоңға» дастаны, «Шу» дастаны, «Ғұндардың батырлық жырлары», «Оғыз-
қаған» дастаны, «Аттилла» дастаны, «Көк бөрі» дастаны, «Ергенекон» дастаны, 
Көк түріктердің ерлігі туралы «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары, «Қорқыт 
ата кітабы», «Авеста-қасиетті жазбалар жинағы», «Этикалық-дидактикалық 
поэзия», «Әбу Наср әл-Фараби», «Орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби тура-
лы ой-пікірлері», «Махмұт Қашқари. «Диуани лұғат ат-түрік», «Жүсіп Хас Ха-
жыб Баласағұн. «Құтадғу біліг», «Ахмет Йүгінеки. «Хибатул-хақайық», «Қожа 
Ахмет Йассауи. «Диуани хикмет», «Мират-ул Кулуб», «Сүлеймен Бақырғани. 
«Бақырғани кітабы», «Сайф Сараи. «Гүлстан бит-Түрки»; «Хорезми. «Мұхаббат-
наме»; «Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны және «Дүрбек. «Жүсіп пен Зылиха», 
«Әбілғазы Баһадүрхан «Шежіре-и түрік»; «Қадырғали Жалаири «Жами ат-
тауарих»; «Захириддин Мұхаммед Бабыр», «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар 
Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты тарихи еңбегі. 
40




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет