Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет39/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
46
маңызды, әрі қазіргі түркі дүниесінің ұстанған мұратымен қисындас. Бүгінде та-
лайына жеке ел болу бұйырған түркі жұрттарының ұзақ, күрмеулі тарихи үдерісі 
қазақ жерінде өз ізін молынан қалдырғаны ақиқат. Оны түркітану түрлі ғылымға 
сүйенгенде ғана шеше алады. ХІХ-ХХ ғғ. түркілер жөніндегі зерттеулердің тал-
даулары мен тұжырымдарын, олардың дереккөздерін ғылыми зерделеуден қайта 
өткізсек дұрыс болар еді. Н.Келімбетов Ә.Н.Нәжіпті негізге ала отырып, орта 
ғасырдағы аса көрнекті Сайф Сараидің «Гүлстан бит-Түрки» дастанының тілі 
қазіргі қазақ тіліне «өте-мөте жақын» екенін айтатын. «Гүлстан бит-Түрки» 
дастанының тілін Ә.Н.Нәжіп, расында да, оғыздық элементтері бар қыпшақ 
тілі екенін, табиғаты жағынан қазіргі татар әдеби тіліне сәйкес келетінін ай-
тады. Ғалым бұл жазба ескерткіштің әлі де жете зерттелмегенін, бұл мәселеде 
өзбек ғалымдарының басқа пікірде екеніне назар аудартады [9]. С.Сараидің «Яд-
гярнаме» аталатын екінші қолжазбасы да бар. Оны «мәмлүк Египетінде Абул 
ибн Кадир құрастырған» [10, 292 б.]. Құл Ғалидің «Кысса-и Йусуф» дастаны 
төңірегінде де пікір қайшылықтары бар екені белгілі. Түркітануда «көне қазақ 
тілі» (староказахский) деген ұғым орнығып келеді. Оны мақсатты түрде тарихи-
филологиялық негіздеу жоғарыда аталған және т.б. тарихи жәдігерліктерге 
қазіргі қазақтың қаншалықты қатысы барын шешуге мүмкіндік береді деп ой-
лаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. – Алматы: «Мектеп», 1986.
2. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: «Қазақстан», 1995.
3. Дулати М.Х. Тарих-и рашиди. – Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003.
4. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Астана: «Фо-
лиант», 2008.
5. Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Мек-
теп», 1989.
6. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. – Алматы: «Мектеп», 1988.
7. Тенишев Э.Р. Избранные труды. Книга первая. – Уфа: «Гилем», 2006.
8. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – Алма-
ты: «Санат», 1997.
9. Наджип Э. «Гулистан бит-Турки» Сайифа Сараи // в кн: Татар әдәби теле 
тарихы (ХІІІ-ХХ йөзнең беренче чиреге). – Казан: «Фикер», 2003. с. 336-357.
10. Сәйф Сараи. Гөлестан лирика дастан. – Казан: «Татарстан китап нәшрияты», 
1999.
11. Бартольд В.В. Тюрки: двенадцать лекций по истории турецких народов Сред-
ней Азии. – Алматы: «Жалын», 1998.
12. Кляшторный С.Г. Памятники древнетюркской письменности и этнокультур-
ная история Центральной Азии. – Санкт-Петербург: «Наука», 2006.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет