Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Ескеева М.Қ. Көнетүркілік тілдік тұлға



Pdf көрінісі
бет50/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Ескеева М.Қ. Көнетүркілік тілдік тұлға
кеңесшілері мен қолбасшы батырлардың әскери-тактикалық іс-әрекеттерін, ел 
басқарудағы және көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатудағы 
іскерлігі мен кемшіліктерін баяндауға, тәңірлік идеясын барлық түркі 
жұртшылығын ынтымаққа, бірлікке шақырудың құралы ретінде насихаттауға 
құрылғандықтан ескеткіштер тіліндегі антропонимдер түркілік аристократияға 
тән гонорофорлық есімдерден тұрады. Сондықтан Орхон, Енисей, Талас 
жазбаларындағы кейіпкерлер есімдерінің басым бөлігіне титуларлық лексе-
малар қосарланып қолданылады. Қағандар мен қолбасшылардың, уәзірлердің 
есімдерінің өзі олардың тұлғалық сапасын айқындайтын көрсеткіштердің бірі 
болуы мүмкін. Адамзат әлеміндегі әрбір индивидті даралаушы лингвистикалық 
таңба-адам есімдері этнос санасында танылған идеялар жиынтығының 
сұрыпталған жүйесi. «Антропонимдік жүйе әрбір халықтың тарихи, мәдени әрі 
этникалық, психологиялық және идеологиялық факторларымен тығыз байла-
нысты. Кісі аттары қоғамның даму кезеңі, оның мәдениеті мен этнологиясы, 
саяси-экономикалық күй-жайы, қоғамдық құрылысы жөнінде қыруар мағлұматқа 
ие» [4, 43 б.] болуы олардың компоненттерінің этномәдени мазмұнына байланы-
сты.
Мойун Чур ескерткiшi мәтiнiнде 
Özbilge
атауы қолданылады (ДТД, 127). 
Жалпы түркi тiлдерi бойынша 
öz/üz
лексемасының мазмұндық аясы кең, 
есiмдiк мәнiнен басқа «жүрек», «өзек», «iш», «iшкi ағза» т.б. мағыналары 
белгiлi. Сондықтан 
Öзbilge
антропонимiнiң iшкi мазмұнында «өзi білгір, өзі 
дана» идеясын тереңдете түсетiн «нағыз білгір» семасы сақталған. Көне түркi 
антропожүйесiнде да адамның шыққан тегiне байланысты этнонимдердi, қағанға 
туыстық қатынасты бiлдiретiн сөздердi, айналысатын кәсiбiне байланысты лек-
сикаларды қосарлап айту да кездеседi, мысалы: 
Jegin Cilig beg
КТү. 33. Талас, Ор-
хон, Енисей ескерткiштерi тiлi деректерi негiзiнде көне түркiлердiң арасында туа 
қойылған есiмдермен қатар, атау иесiнiң қарым-қабiлетiне, жаугершiлiк кезiнде 
көрсеткен ерлiгiне, елге сiңiрген еңбегiне байланысты лақап ат беру дәстүрi 
кеңiнен таралғанын байқаймыз. Мәселен, Талас ескерткiштерiндегi 
Qara Čur 
мергеннiң лақап аты 
Qol qar jazmaz
, мәнi «қолының қары жазбас» (қателеспес) 
(рука не промахнется) (Аманж. II, 138). «Айыртам-ой» жазбаларында бұдан 
басқа да 
Eš qulï 
«дос құлы» (эс/эщ «друг») (Аманж. II, 139). 
Qïjaγan
, «өткiр, қиып 
түсетiн» Шу жазбаларында 
Saγunaq
антропонимдерi «жауапкершiлiк атым» деп 
анық көрсетiледi. ҮІ-ІХ ғасыр түркі мұралары тіліндегі қосалқы атаулардың 
этно-мәдени мазмұны да көне түркілік кезеңдегі тұлғаның мәнін айқындауға 
септігін тигізетін элементтердің бірі.
Ілтеріс/Елтеріс қаған
(Құтлығ) – Бумын қаған қайтыс болғаннан кейінгі 
жылдары әлсіреп, ыдыраған түркі қағанатын қайта қалпына келтіріп, түркі 
тайпаларының басын біріктіруге көп еңбек сіңірген түркі қағаны. Құтлығ қаған 
692 – ұлу жылы қайтыс болады. 
El: Eletmič, Elteris, Elbilgе
– көне түркі тілінен 
қазақ тіліне тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да ешбір өзгеріссіз 
жеткен 
el
«ел, жұрт, мемлекет» лексемасы арқылы жасалған антропонимдерді 
57




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет