Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Ескеева М.Қ. Көнетүркілік тілдік тұлға



Pdf көрінісі
бет48/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Ескеева М.Қ. Көнетүркілік тілдік тұлға
ерекшеленетін дара қасиеттеріне – табиғи дене бітімі, бойы, шашының, 
терісінің, көзінің түсі және әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, 
психологиялық өзгешеліктері, рухани құндылықтарды игеру деңгейі сияқты 
ерекшеліктеріне де мән беріледі. Даралық/индивидуалдық ұғымының инди-
видпен байланысы олардың биологиялық және табиғи негізі арқылы сипат-
талады. «Индивидуалдылық ең алдымен адамның табиғи және психикалық 
қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен, мінез-
құлқынан, эмоционалдылығынан көрінеді. Индивидуалдылық белгілер адамның 
саналы әрекеттерінен де, оның пікірінен, қылығынан, мәдени қажеттіліктерінен 
де байқалады» [1, 247 б.]. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жоғары деңгейге 
көтерілуі оның тұлғаға айналуының басты шарты болып табылады және адамның 
биологиялық табиғатына негізделетін индивидуалдықпен салыстырғанда тұлға 
мәнінің ерекшелігі оның өзін-өзі дамытуы мен жетілдіруі арқылы қалыптасатын 
әлеуметтік, рухани-мәдени қасиеттерге негізделуімен сипатталады. Адам 
неғұрлым әлеуметтік-мәдени тәжірибені, рухани құндылықтарды мол жинақтаған 
сайын оның тұлғасының да маңызы мен мәні арта түседі. Тұлға ұжымда
әлеуметтік қоғамда өмір сүретіндіктен, белгілі бір дәрежеде оларға тәуелді, қоғам 
тұлғаның қалыптасуына, рухани-адамгершілік мәнінің, қайраткерлік әлеуетінің 
артуына, мақсаты мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы жағдай ту-
дырумен қатар, кедергілер келтіруі де мүмкін. «Жаратқан иенің құдіретіне», 
«Тағдырға» баланатын мұндай кедергілерден сәтті өтуі, мұқалмай-мүжілмей 
қажырлылық танытуы да тұлғаның сапалық деңгейін арттыра түседі. Бұл 
тілдік тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынастан да көрінеді. Тілдік тұлға 
мазмұнының маңызды компоненті ретінде оның дүниетанымының, адамгершілік 
және жауапкершілік қасиеттерінің деңгейі, мақсат-мүддесінің тұтас ұжымның 
(елдің, халықтың) мүддесімен сай келуі, коммуникация үдерісіндегі ақпаратты 
жеткізе білу, көпшілікті иландыра білу шеберлігі қарастырылады. Жеке бір этнос, 
ұлт, белгілі бір қоғам деңгейінде қарастырылатын тұлға жоғарыда көрсетілген 
сапалармен қатар сол ұжымның тілдік санасын жете түсінетін, қолданыстағы 
тілді терең меңгерген, сол арқылы өз қоғамының, өз ұлтының рухани-мәдени 
тұрғыдан өркендеуіне ықпал ете алатындай қабілетке де ие болуы қажет. Бұл тіл 
біліміндегі тілдік тұлға ұғымының сапалық мәнін көрсетеді.
Тіл табиғатын тіл иесі – халықтың болмысы, мәдениеті арқылы, ал халық бол-
мысын олардың сөйлеу тілі арқылы тану идеясының көтерілуі тілдік тұлғаның 
маңыздылығын айшықтай түсті. Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін 
сөз еткен ғалым Н.Уәли «Адамына қарап сөзін алма, сөзіне қарап адамын ал» 
дейтін Абайдың философиялық ойы субъектінің сөзі арқылы оның әлеуметтік, 
білімдік, психологиялық тұлғасын тану жөніндегі антропоцентристік идея-
мен үндес екенін айқын аңғартады. Дәстүрлі парадигмада, сөз мәдениетінің 
түп қазығы, орталық ұғымы тілдік норма болса, ендігі жерде, жаңа парадигма-
да сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға болуға тиіс» [2, 16 б.] деген ойла-
ры арқылы антропоөзектік бағыттағы зерттеулер үшін тілдік тұлғаны танып-
55




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет