Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Ескеева М.Қ. Көнетүркілік тілдік тұлға



Pdf көрінісі
бет52/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Ескеева М.Қ. Көнетүркілік тілдік тұлға
бағындырады. 711-712 жылдары Жетісу бойындағы елдерді бағындырып, Бол-
чу өзенінің маңындағы он оқ тайпаларының әскерін жеңеді. 712-713 жылдары 
Сырдария өзенінен өтіп Темір қақпаға дейін жетеді. 716 жылы қайтыс болады. 
Қапаған ханның түркі халқы үшін істеген еңбегін Тониқук жоғары бағалағанын, 
өзі де оған адал қызмет атқарғанын аңғаруға болады: 
Qapaγan qaγan olurtïm. Tün 
udïmatï küntüz olurmatï. Qïzïl qanïm tökti, qara terim jügirti. Isig küčüg bertim ök. Ben 
özüm uzun jelmeg jeme ïttïm oq 
“Қапаған қаған... түн ұйықтамадым, Күндіз отырма-
дым.. Қызыл қанымды төктім, Қара терімді ағыздым. Күш-қуатымды да бердім. 
Мен өзім ұзақ шабуылдарға да қатыстым» Тон.51,52 (Айд.ІІ,113). 
Beg: Beg-čor 
Тон. 31, Urugbeg Е., 26, Umajbeg Е., 28, Siligbeg 
КТү. 33. Билеуші тап өкілдеріне, 
қағанның туыстары мен балаларына тән титуларлық лексема beg моносилла-
бы да көне түркілер антропожүйесіндегі екі құрамды атаулардың компоненті 
ретінде жиі қолданылады. Жалпы түркі тілдеріндегі 
bek≈beg≈bej≈bij 
түбірлес 
моносиллабтар кешеніне кіретін қазақ тіліндегі бек, би сөздері мағыналық 
жағынан сараланған. Түркі тілдеріндегі титуларлық лексемаларға тән ерекше 
белгі ретінде олардың моносиллабтық компонентін сақтай отырып, гендерлік 
негізде жіктелуін айтуға болады: 
бек → бегім, би → бике, бикеш, бибi, бүбi. 
Қазақ тілі антропожүйесі де 
бек, би
моносиллабтары арқылы жасалған есімдерді 
кеңінен қамтиды. 
Бек, Бекмырза, Бекзада, Айбек, Бижан, Айбүбi, Қызбике
т.б. 
қазақ тiлi антропожүйесiндегi 
bek
моносиллабы арқылы жасалған есiмдердiң 
этномазмұнында «тектiлiк, әдептiлiк, мәдениеттiлiк» идеясы сақталған. 
Čor/čur: 
Balu čor 
Е. 24
, Qara čur 
Тал. 2
, Küli čor, Mojun čur 
МЧ. І
, Tamγan čor 
Он. 4 т.б. 
Көне түркі тілінде «мерген, әскери шен» (Аманж. ІІ, 88) мәнінде жұмсалған čor/
čur моносиллабы қырғыз тілінде čoro «ближайший сподвижник эпического бо-
гатыря» (КРС, ІІ, 369) сөзінің, қазақ тілінде «ерке, еркін» мәніндегі erke šora 
тұлғасының құрамында, антропонимдер жүйесінде сақталған: 
Шора, Бекшора 
т.б. 
716-734 жылдар аралығында билік жүргізген түркі қағаны – Құтлығ қағанның 
үлкен баласы, Күлтегіннің туған ағасы – Білге қағанның мемлекет басшы-
сы ретінде халыққа жасаған еңбегі, ерлік істері Білгеқаған, Тониқук, Күлтегін 
ескерткіштерінің мәтінінде баяндалады. 
Bilge qaγan 
антропонимі де қағанның 
тұлғалық сапасын сипаттайтын есім: 
Білікті хан/Дана хан
. Құтлығ қағанның кіші 
баласы, көне түркі дәуірінің ірі тұлғасы Күлтегіннің есімі де аристократиялық 
топқа тән гонорофорлық антропонимдер қатарына жатады: 
kül
лексемасы 
«атақты, даңқты» мағынасын берсе, екінші компонент – 
tegin
сөзі 
teg/tek 
«шығу 
тегі, ата тегі» моносиллабының өзек семасын арқау еткен. Көне түркілік 
tegin 
лексемасының толық мазмұны қазақ тіліндегі 
tekti 
сөзінде сақталған. 
Түркі қағандарының ақылшысы, уәзірі болған түркі ойшылы Тониқуктың 
түркі халқына көрсеткен қызметі Тоникуқ ескерткішінің мәтінінде өз атынан ба-
яндалады. Н.Шаймердинова Тониқуктың тілдік тұлғасын феномендік деңгейде 
жан-жақты қарастыра отырып: “Текст памятника Тоньюкука можно в целом 
представить как процесс ментального лексикона. Именно рассуждения, раз-
59




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет