Кемеңгер Қ. Түркі жұртыменбірге мәңгі жасайды Қазақтың ғана емес, күллі түркі дүниесінің амандығын, көбейгенін тілеген,
рухани тұтасуын аңсаған Немат Келімбетов – ұлағатты ұстаз, ғұлама ғалым, да-
нышпан кісі. Мен ол кісінің алдынан дәріс тыңдағанымды ілтипат сезіммен еске
аламын. Ұстазымыз бізге Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде
екі жыл дәріс оқыды. Терең білімі, мәтінді жатқа білетіні, өзіне ған тән ерек-
ше әдіспен оқытуы, ең бастысы, берген дүниесін қатал талап етіп сұрауы біздің
есімізде мәңгі сақталады. Ол кісінің ғибратты дәрістері әдебиеттің тар аясы-
нан шығып, ұлттық, елдік мәселерді жиі көтеретіні есімізде. Бірде ұстазымыз
мынадай мысал келтірді. Немат ағамызға бір қазақ өзінің «визитка» дейтін
қағазын береді. Сөйтсе ол бір жапырақ қағазға аты-жөні, қызметі, лауазымы,
атақ-дәрежесімен қатар шыққан руы мен тайпасын да көрсетіп қойған екен.
Осыған байланысты Немат Келімбетов әлгі өресі төмен, ақылы таяз адамды
қатты сөкті. «Біз қазақтар руымызды білгеніміз орынды, алайда оны бадырай-
тып жазып, мақтан етіп, жөнді-жөнсіз елге көрсетіп насихаттап жүргеніміз
ешбір кешірілмейтін іс», – деп кейіді Немат аға. Қазақ болып тұтасып, қазақ бо-
лып ұйысуымызға мұндай жағдайлар кесірін тигізеді деп налыды. Бұл бір ғана
қарапайым мысалдан қазір Н.Келімбетовтің үлкен азаматтығын, ұлт бірлігіне,
оның тағдырына қатысты алаң сезімін айқын аңғарамыз.
Қазақ халқы ата-бабасынан қалған туған жерінде өсіп-өніп, болашаққа нық
қадам басу үшін ең бастысы туған Отаны – тәуелсіз Қазақстан елі гүлденіп жасай
беруі керек. Қазақстанның амандығын, көгергенін бәрінен бұрын түркі дүниесі
тілейтіні айдай анық. Өйткені тарихы ортақ түркілердің келешегі де бір деп
кәміл сенеміз. Сол түркі дүниесінің рухани тұрғыдан тұтасуына бар ғұмырын
арнаған Н.Келімбетов түркі жұртымен бірге мәңгі жасайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін. – Алматы: «Ана тілі» баспасы
ЖШС, 2004. – 344 б.
2. Руханият сыры мен рух жыры: Немат Келімбетовтің өмірі мен
шығармашылығына арналған жинақ / Құраст. М.Келімбетов, Р.Мәженқызы.
– Алматы: Раритет, 2011. – 304 б., 24 б. сур.
3. Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. – Алматы:
Раритет, 2011. – 432 б.
4. Ыбыраев Ш. Жаназық. Қазақ руханияты және түркология мәселелері. –
Көкшетау: КМУ баспаханасы, 2010. – 225 б.
53