Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет55/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
қағанның аталасы Иоллығ тегін мен бір ай төрт күн отырып жаздым. Мүсін жа-
саттым» (Сартқ.165,179,198,206]. 
Күлтегін ескерткішінің тікелей Білгеқағанның тапсырмасы бойынша 
қашалғаны ескерткіштер мәтінінен белгілі. Сондықтан мәтіндегі оқиға желісі 
де Білгеқағанның атынан баяндалады. Ал мәтін авторы Білгеқағаннан тапсырма 
алып, оқиға желісін мәтіннің мақсаты мен негізгі идеясына сай жазып шыққан 
Иоллығ тегін екенін айғақтайтын деректер жеткілікті. Иоллығ тегінді тасты 
қашаушы шеберлермен де шатастыруға болмайды. Ескерткіш мәтіндерінде тас-
ты қашаушы, өрнектеуші бірнеше шеберлердің әр жерлерден шақырылғаны да 
жазылған. Сондай-ақ, Күлтегін ескерткішінің мәтінінде тасқа жазу таңбаларын 
қашаушы шеберлердің автордың сөзін бұзбай бедерлегені айтылады. Мысалы: 
Neŋneŋ sabïm erser beŋgü tašqa urtïm. Aŋar körü biliŋ. Türük amtï bodun, begler 
bödke kürügime bеgler gü jaŋïltačïsiz. Men beŋgü taš toqïtdïm.Tabγač qaγanta bedizči 
kelürtim. Bediztim. Meniŋ sabïmïn sïmadï. 
«Айтар сөзім болса, мәңгі тасқа жаз-
дым (ұрдым). Бұған қарап білің, түркінің ендігі халқының бектері, таққа құмар 
бектер, сіздер жаңылысасыздар ғой. Мен мәңгі тас орнаттым (тоқыттым). 
Табғач қағаннан бедізші келтірдім. Өрнектеттім. Менің сөзімді бұзбады» (Айд.І, 
170). Бұл ескерткіш мәтінінің авторы Йоллығ Тегін екенін нақтылай түседі. 
Зерттеушілер Білге қағанға арналған ескерткіш 734 жылы Білге қаған қайтыс 
болғаннан кейін бір жарым жыл өткен соң 735 жылы қойылғанын көрсетеді. Бұл 
ескерткіш мәтінін Йоллығ тегін жазғанының айқын дәлелі. 
Jollïγ tegin
антропонимінің мазмұны да Йоллығ Тегін тұлғасының сапа-
сы мен мәнін айқындайтын онимдер қатарынан орын алатынын көрсетеді. 
Антропонимнің бірінші компоненті 
jol→jol «жол»+-ïγ(-uq/-ïq/-uγ) 
«есім түбірден 
туынды есім сөздер жасайтын қосымша морфема (түркі тілдері антропонимжа-
сам жүйесіндегі өнімді модельдердің бірі)», екініші компоненті 
teg→ teg≈tek 
«шығу тегі, ата тегі»+-
in(-ïn/-ijn/-un/-ün)
есім және етістік түбірлерге жалғанып 
туынды есімдер жасайтын қосымша формант». Күрделі антропоним 
Jollïγ tegin 
тұлғасының тұтас мағынасы «жол көрсетуші текті/ханзада» мәнін береді. 
Тіл – адам мәдениетінің көрсеткіші болғандықтан, белгілі бір мәтіндерде 
көрініс табатын сөз мәдениеті де тілдік тұлға мәдениетінің, тұлға мазмұнының 
басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мыңдаған жылдар бойы әлеуметтік 
қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасына байланысты мінез-құлық 
ережелері қалыптасып, адами қарым-қатынаста әр этностың дара болмысын 
көрсететін іс-әрекеттік, тілдік әдептілік нормалары орнығады. «Дара тұлғаның 
ішкі мәдениетінің, сыпайылығының, адамгершілік қасиетінің айқын көрінісі деп 
саналатын сөз әдебі тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық 
ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тәртібіне негізделеді. Бұлар сөз 
мәдениетінің этикалық сапаларын құрайды» [11, 14 б.]. Сөйлеуде, мәтін құрауда 
көрініс беретін сөз әдебі де ұлттың этикалық-моральдық принциптері мен 
мәдени-ұлттық дәстүрлеріне орай қалыптасатындықтан жалпыұлттық әдеп нор-
маларына тән ережелерді, жүйелі грамматикалық құрылымды сақтаумен қатар 
62




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет