Садуақасов А.Қ. Түркі әлемінің мәдени бірегейлігін сақтаудағы латын... Түркі әлемінің дамуын тежеген құбылыс болып табылады. Дегенмен, соңғы 20
жыл ішінде түркітілдес мемлекеттердің бастамасымен Түркі әлемін дамытуға
қатысты бірқатар шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, түркітілдес мемле-
кет басшыларының саммиті, Түркі дүниесінің құрылтайлары мен форумдары
өткізілуде. Негізі 1992 жылы қаланған Түркі мәдениетін дамытудың халықаралық
ұйымы – ТҮРКСОЙ белсенді қызмет атқаруда. Түркітілдес мемлекет
басшыларының Әзербайжанның Нахчыванда өткен ІХ саммитінде Түркітілдес
мемлекеттердің Кеңесі мен Түркі Парламенттік ассамблеясы құрылып, жұмыс
істеуде. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы-
мен 2011 жылдан бастап Астана қаласында Халықаралық Түркі академиясы
құрылып, түркі мәдениеті мен ғылымын зерттеуге аса зор мән берілуде. Биылғы
жыл еліміз үшін тіпті маңызды. Себебі, түркітілдес Мемлекет Басшыларының
Түркияда өткен Х саммитінде 2012 жылы Астана қаласы «Түркі әлемінің мәдени
астанасы» мәртебесіне лайық деп табылды. Жүргізіліп жатқан осындай саяси-
экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарға қарамастан
Түркі әлемінің толыққанды интеграциясы жүзеге аспай отыр. Оған себеп болып
отырған негізгі факторлардың біріне Түркі әлемінің 3 түрлі әліпбиді (латын, араб
және кириллица) қолданып, ортақ әліпби жүйесінің жасалмауын жатқызуға бо-
лады. Егер де 30 шақты түркі тілдерінде сөйлейтін Түркі әлемі латын әліпбиі
негізінде ортақ әліпби кеңістігін қалыптастыра алса, ол өз кезегінде бірыңғай
ақпараттық-коммуникациялық және мәдени-рухани кеңістіктің қалыптасуына
ықпал етер еді.
Түркі әлемінің жақындасуына себеп болатын тілдік фактордың маңыздылығы
жөнінде 1933 жылы Түркия Республикасының негізін қалаушы М.К. Ататүрік:
«... Бүгін Кеңестік Ресей – досымыз, көршіміз, одақтасымыз. Бұл достыққа бүгін
мұқтажбыз. Бірақ, ертең не боларын ешкім де кесіп айта алмайды. Дәл Осман
империясы сияқты ол да ыдырауы мүмкін. Бүгін уысына қысып ұстап отырған
халықтар уысынан шығып кетуі мүмкін. Әлем сонда бір тепе-теңдікке жетеді.
Міне, сол кезде Түркия не істейтінін білуге тиіс. Осы «досымыздың» билігінде
біздің тілі бір, наным-сенімі бір туыс бауырларымыз бар. Соларға қол ұшын бе-
руге дайын болуымыз қажет. Дайын болу деген сөз сол күнді күтіп отыру деген
сөз емес, дайындалуымыз керек. Халықтар бұған қалай дайындалады. Рухани
көпірлерін күшейте отырып дайындалады. Тіл – бір көпір, тарих – бір көпір,
наным-сенім (дін) – бір көпір. Бүгін біз олардан тіл тұрғысынан да, салт-дәстүр
жөнінен де, тарихи байланыстар саласынан да ажырап, өте алыс қалып қойдық.
Біз тұрған белес дұрыс па, олар тұрған жер дұрыс па, мұны есептеп жатудың
пайдасы жоқ. Олардың бізге жақындасуын күте алмаймыз. Біздің оларға
жақындасуымыз қажет. Фольклорлық байланыс орнатуымыз керек. Бұларды кім
істейді. Әрине, біз! Өздеріңіз көріп отырсыздар, тіл қоғамын, тарих қоғамын
ұйымдастырып жатырмыз. Тілімізді солардың тіліне жақындатуға, сөйтіп бір-
бірімізді оңайырақ түсінетін жағдайға жетуге тырысудамыз. Тарихымызды да
соларға жақындатуға тырысып жатырмыз. Ортақ тарих жасаудың соңындамыз.
91