АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012 бір кемістіктерді ерекше сезіммен түсініп, оларды болдырмау үшін түркі
мемлекеттері өзінің алғашқы қадамын бір принцип бойынша, қазіргі заман
талабына сай латын негізінде түзілген төмендегі (34 әріптен тұратын) ортақ
түркі әліппесін түзуден басталатынын айта отырып, оны әрбір түркі тілі өз
ерекшеліктеріне сәйкес қабылдайтынын жариялайды.
Ортақ түркі әліппесі: Аа, Bb, Cc, Çç, Dd, Ee, Әә, Ff, Gg, Ğğ, Hh, Xx, Iı, Ii, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Ņņ,
Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, Şş, Tt, Uu, Üü, Vv, Ww, Yy, Zz [3:15]»
Посткеңестік мемлекеттердің саясатын зерделеуші Я. Ландау: «1992 жылы
Түркияның ресми қолдауымен Түркияда жаңа институт, атап айтқана, Түркия
республикалық білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы,
қысқартып айтқанда, «ТҮРЕСКО» (атауы, жайдан-жай болмауы керек, «ЮНЕ-
СКО» аббревиатурасымен байланысуы тиіс) құрылды. Осы ұйым жобаларының
бірі түркі тілдері әліпбилік жүйелері мен жазулары саласында зерттеулер жүргізу
мен сөздіктер құру мақсатында ғылыми орталықтар ашу болды. Осы жылы аталған
идеяны қолдау Әзербайжанда сайланған Президент А. Елшібейден күтілген
болатын, сол жылы Өзбекстанда 1992 жылы Ташкент қаласында басылған
«Орта-Түрк» (Orta-Türk) басылымында «ортақ түркі тілі» идеясын қорғаған
мақала жарияланды» [4, 92 б.] – деген ақпарат келтіреді. Түркітілдес елдердің
түркі өркениетін дамытуға бағытталған іс-шаралары мұнымен аяқталмады.
1993 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласында түркітілдес елдердің мәдени-
гуманитарлық салалардағы интеграциясын нығайту мақсатында Әзербайжан,
Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан республикалары
«ТҮРКСОЙ-ды құру және оның жұмыс істеу қағидаттары туралы» келісімге қол
қойды. Бүгінде бұл ұйымға 6 түркітілдес мемлекет пен 8 автономиялық респу-
блика мен әкімшілік аумақтар кіреді.
Түркі мәдениетін өркендетуге бағытталған ТҮРКСОЙ-дың басты мақсаттары
мен міндеттеріне мыналар жатады:
– түркітілдес мемлекеттер, қоғамдар арасында мәдениет және өнер
саласындағы ынтымақтастықты дамыту;
– түркі елдерінің мәдени құндылықтарын зерттеу, көбейту, қамқорлыққа алу
және оларды әлемдік ауқымда түсіндіру жұмыстары;
– біртұтас мәдени кеңістікті құру, тарихи, саяси және географиялық
жағдайларға байланысты жатырқаушылықты жою;
– түркі әлемінің мәдени және тарихи ескерткіштерін, жалпы мәдени
құндылықтарын анықтау және жүйеге келтіру, оларды сақтауға бағытталған ша-
раларды қабылдау;
– түркі елдердің ұлттық мәдениеттерін дамыту процесін жандандыру, олардың
көркем ерекшілігін және бірігейлігін сапалы жаңартылуымен сақтау;
94