16.3. Әр түрлі жылу көздерінің өрттің пайда болуына қатысты байланысын анықтау сараптамасы Сараптаманың алдына қойылатын сұрақтар:
жылу және қыздырғыш құралдарда жарамсыздықтар бар ма ?
зерттелуге жататын қыздырғыш және жылу құрылдары өрт
қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келе ме ?
анықталған факт (техникалық бұзылу, нақты қолдану жағдайы)
өрттің пайда болуымен байланысты ма ?
нақты
материалдардың
немесе
заттардың
(дәнекерлеу
жұмыстары жүргізілген сәтте пайда болатын ұшқындар,
шырпыдан т.с.с.), алғашқы мәліметтерде көзделген жағдайларда
болуы мүмкін бе ?
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Қойылған сұрақтарды шешу үшін заттай дәлелдемелермен қатар келесі
мәліметтер ұсынылуы керек:
-
оқиға болған жерде өрт болғанға дейін жылу құралдары болды ма, болса,
олардың маркісі, саны, уақыты мен қолдану жағдайы;
-
табылған жердегі жанармай материалдарының қыздырғыш құралдар
бетіндегі материалдарға қатыстылығы;
-
жылу әсер ететін жердегі жанармай заттарының болуы және оның
қыздырғыш құралдарды тапқан жермен қашықтығы.
Егер қыздырғыш құрал ретінде пеш қолданылса, келесі қосымша
мәліметтер қажет:
пештің құрылымының ерекшеліктері, жанармай материалдарына
дейінгі қашықтығы, құрылымы;
жануға дейін орналасқан беттің материалының күйі;
отынның сапасы мен табиғаты;
оттың жану ұзақтығы мен режимі т.с.с.
127
Сөндірілмеген темекінің, шырпының т.с.с. материалдардан пайда
болған өртті анықтау үшін тезжанғыш заттардың, олардың табиғаты, өрт
болған жерде орналасуы туралы оқиға болған жерді қарау хаттамасында
көрсетілуі қажет.
Жанармай материалдарының үлгілері сарапшыға салыстырмалы
зерттеу жүргізу үшін жіберілуі тиіс.