Қаржы-несиелік сараптама ақшалай қорды дұрыс шығындау,
несиелерді негізді таратуға қатысты зерттеулерді жүргізеді.
Осыған қатысты келесі сұрақтар қойылады:
банктен несие алудың мақсаты негізделген бе ?
несие алу үшін банкке қандай жалған деректер ұсынылды ?
несие құралдары дұрыс шығындалған ба ?
айыппұлдарының соммасы, несиені мерзімінен бұрын қайтарып
алу негізделген ба ?
несие бойынша пайыздары дұрыс тағайындалған ба ?
несиелер бойынша %-ды есептеу үшін залал соммасы қандай?
кәсіпорын несие бойынша дұрыс төлемдер жасады ма ?
қаржы-несие жоспарлары дұрыс ресімделген ба, егер жоқ болса,
себептері қандай т.с.с.
Қаржы-бюджеттік сараптама бюджеттік қаражаттардың дұрыс
шығындалуын, салық есептерінің және өзге де құжаттардың дұрыс
рәсімделуін зерттейді.
Аталған сараптамаға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін, олар:
экономикалық көрсеткіштердің есептері дұрыс жасалған ба ?
смета дұрыс құрастырылған ба ?
жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақы, сыйақы дұрыс төленген бе ?
шығындардың бағалау нормаларына сәйкес па, егер жоқ болса,
абсолютті көрсеткіштердегі ауытқулар қандай?
материалдар мен шикізаттардың құны дұрыс есептелген бе ?
тұрақты өндірістік шығындар есептері дұрыс жүргізілген бе ?
өзіндік құнын есептеу дұрыс жүргізілген бе ?
бюджеттік құралдар мақсатына сәйкес пайдаланылды ма ?
бюджетке салық және өзге де міндетті төлемдердің мөлшері т.с.с.
17.3. Экономикалық-құқықтық зерттеулердің сараптамасы Сот-сараптамалық
экономико-құқықтық
зерттеулер
шарттық
қатыныстардың сол кезеңдегі орын алатын заңдылықтарға сәйкестігін
анықтайды. Аталған сараптама қылмыстық сот өндірісінде лауазымды
тұлғалардың өз құзырынасыра пайдалану деректері бойынша тағайындалады.
Сол сияқты, жалған банкроттық, әдейі банкротқа ұшырау, салықтарды
төлемеу, заңсыз жекешелендіру жағдайлары бойынша тағайындалады. Сол
134
сияқты, қаржы-экономикалық сараптама азаматтық, әкімшілік сот
өндірістерінде де тағайындалады.