129
жанатын материалдарда тесіп өткен жанудың болуы, үдеткіш ретінде
қолданылған заттардың ерекше иісі. Мұндай заттар өртенбеген жерлерде де
сақталуы мүмкін.
Сараптама үшін өрт болған жерде төгілген жанармайлар көздері бар
тасушы-заттар да ұсынылуы қажет. Оларға: оңай тұтанатын заттардың
үлгілері, жанармайлардың сұйықтықтары т.с.с.
Сараптамаға жіберілетін заттар ағып кетпеуі үшін тиісті түрде буып-
түйілуі керек. Жоспар-сызбаларда алынған объектілердің жерлері көрсетілуі
керек.
Өрт-техникалық сараптаманы тағайындау барысында тергеушімен
ғимараттың
архитектуралық-құрылыстық
сипаттамасы
берілуі
тиіс,
объектінің
жоспары,
еденнің
материалдары
мен
құрылымдары,
қабырғалардың, төбелердің, есік пен терезелердің құрылымдары, өртпен
зақым болған заттардың дәрежесі мен сипаты т.с.с. көрсетілуі керек. Осыған
қатысты мұқият түрде жанып кеткен құрылымдар мен материалдар, онда
қалдырылған іздер, металл заттарынан жасалған құрылымдардың және
құралдардың зақымдану ерекшелектері көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: