Сот-тауарлық сараптаманың пәні тауарлардың сипаттамасын,
тұтынушылық және өзге де құндарына әсер ететін активтердің сипаттамасын
анықтайтын фактілі деректер. Сараптама контрабанда, бөтен мүлікті иелену
немесе талан-таражға салу, сапалы емес өнімдерді сату, алаяқтық т.с.с. фактілер
бойынша тағайындалады.
Аталған
сараптаманың
міндеттері идентификациялық емес ( диагностикалық
, классификациялық, ситуациялық) және идентификациялық
болып бөлінеді.
Классификациялық міндеттер тауардың түрін, оның артиклін, мөлшері
мен бағасын, тегін анықтауға бағытталған.
Диагностикалық міндеттер келесі жағдайларды анықтайды, олар:
тауарды дайындау тәсілі;
нақты
тауардың
стандарттарға,
сапасына
немесе
көлемдік
көрсеткіштеріне сәйкестігі;
тауардың мүліктерді түгендеу немесе құнсыздану актілеріне сәйкестігі;
буып-түю әдісі, оның стандарттар мен өзге де нормативтерге
сәйкестігі;
тауарды сақтау, тасымалдау т.с.с. нормативтерге сәйкестігі.
Ситуациялық міндеттерге жатады:
материалды және материалды емес активтер сипаттамасының
шығындық, салыстырмалы және пайдалылық дәрежесін қолдана
отырып ситуациялық талдауды жүргізу;
активтердің құны мен түрлерін анықтау (тұтынушылық, нарықтық,
баланстық, кедендік қалпына келтіру, кепілдік т.с.с. құндары);
келтірілген залалдың көлемін анықтау т.с.с.
Идентификациялық міндеттері :
әр түрлі тұлғалардан (сезікті) алынған тауарлардың (заттай
дәлелдемелер) жалпы қайнар көзін анықтау;
нақты бір затқа тиесілілігін, топтамаға қатыстылығын анықтау;
тауарды дайындаған елді анықтау т.с.с.