131
Сот-бухгалтерлік сараптама экономикалық сараптамалардың ішінде ең
кең таралған түрі болып табылады. Ол жиі қылмыстық сот өндірісінде
экономикалық қылмыстарды тергеген кезде тағайындалады.
Сол сияқты,
экологиялық нормалар бұзылған сәтте әкімшілік сот өндірісінде де,
азаматтық сот өндірістерінде де тағайындалады.
Аталған сараптаманың міндеттері үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа алғашқы құжаттағы деректердің есеп регистрлеріне,
есептерге сәйкес келмеуіне қатысты жағдайларды анықтау жатады. Аталған
міндетті шешу үшін сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылады, олар:
есеп регистріндегі жазбалар алғашқы құжаттарға сәйкес келе ме, егер
жоқ болса, онда жол жіберілген ауытқу
шығыс соммалардың жоғары
(кем) болуында қалай көрсетілген ?
синтетикалық есептің деректері аналитикалық есептің, алғашқы
құжаттың деректеріне сай ма, егер жоқ болса,
қандай сомманы
бұрмалайды ?
қорытынды көрсеткіштер өнімнің шығыс құжаттарындағы деректерге
сәйкес пе, егер жоқ болса, жіберілген ауытқу көрсеткіші қандай ?
есепте жол берілген бұрмалау қандай шаруашылық қызметпен
байланысты ?
алынған құжаттарға сәйкес жетпеген сомма қандай ?
мүліктік құндылықтардың кірісі туралы (немесе шығысы) алғашқы
және есепке алу құжаттарында анықталған ауытқулар нақты қандау
уақыттың ішінде орын алған т.с.с.
Сот-бухгалтерлік сараптаманың екінші
тобының міндеттері тауар-
материалдық
құндылықтардың,
бухгалтерлік
есептегі
ақшалай
қаражаттардың қабылдау, сақтау және сатылуын анықтайды.
Аталған топ бойынша келесі сұрақтарды қоюға болады:
материалдарды есептен шығару құжаттармен дұрыс рәсімделді ме ?
белгілі кезеңдегі материалдардың түсуі бухгалтерлік есепте
көрсетілген бе ?
регистердегі қандай жазбалар алғашқы құжаттармен бекітілген жоқ?
қандай кезеңде және қандай соммаға құндылықтар қажетті
құжаттарсыз рәсімделген ? т.с.с.
Аталған сараптаманың үшінші тобының міндеттері бухгалтерлік
есептің дұрыс жүргізілуін және құралдардың жеткіліксіз немесе артық
болуына қатысты жағдайларды анықтайды.
Сарапшы алдына келесі сұрақтар қойылады:
нақты шаруашылық
қызмет бойынша алғашқы, жиынтық
құжаттар дұрыс рәсімделді ме ?
құндылықтарды қабылдау және тапсыру кезінде қандай есептің
талаптары орындалған жоқ ?
шоттардың корреспонденциясы сақталды ма ?
аналитикалық есеп кезінде қандай ережелер сақталған жоқ ?
132
бухгалтерлік есепті жасау кезінде қандай бұрмалаушылықтар
орын алды ?
калькуляция кезінде қандай ережелер сақталған жоқ ?
бухгалтерлік есепті жүргізу барысында оның әдістемесі сақталды
ма ? т.с.с.
Жоғарыда көрсетілген сұрақтар типтік сұрақтарға жатады. Белгілі
жағдайға қатысты басқа да сұрақтар қойылуы мүмкін.
Сараптаманы
тағайындау кезінде барлық талаптар сақталуы қажет, оның ішінде сарапшыға
қойылатын сұрақтар оның құзыреттілігінде болып және анық түрде қойылуы
керек. Сарапшының алдына құқықтық мазмұнға ие сұрақтар қоюға тыйым
салынады, мысалы, бухгалтерлік есептің қателіктерін кім жасады немесе
лауазымды тұлғалардың нақты қайсысы материалды залалды өтейді т.с.с.
мұндай сұрақтарды шешу тергеушінің (сот) құзырында.
Достарыңызбен бөлісу: